Ұшақ апаты: қазақстандықтар 800 литр қан тапсырды

Ақтаудың өзінде донорлық пункттерге 490 адам келген

Мәди Саматұлы

  • 28.12.2024

Маңғыстаудағы ұшақ апатына байланысты екі күн ішінде қазақстандықтар еліміздің барлық өңірінен 800 литр қан тапсырған, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әлеуметтік желіде жазды.

Оның сөзінше, Ақтау қаласының облыстық ауруханасында зардап шеккендерді алған жарақаттарының ауырлығы мен сипаты бойынша білікті іріктеу жүргізілген.

Ауыр жарақаттары бар адамдарды емдеуге жатқызудың алғашқы сын сағаттарында дереу құрылғыларға қосу, дәл диагноз қою және қажетті дәрі-дәрмектерді тағайындау маңызды болды. Біздің дәрігерлер өмірдің әрбір минуты қымбат болған күрделі де қиын жағдайда жоғары кәсіби деңгейде бұл тапсырманы орындады, деп жазды ол.

Министрдің жазуына қарағанда, қарапайым адамдар, әр түрлі өңірден келген отандастарымыз бей-жай қалмай, қиындыққа бірден жауап берген.

Екі күннің ішінде республика бойынша қан орталықтарында 1,5 мыңнан астам адам 800 литр қан тапсырды. Ақтаудың өзінде донорлық пункттерге 490 адам келді, Астанада – 600-ден астам адам, Шымкентте – 125, Ақтөбеде – 109, Жетісуда – 49, Қарағандыда-40, ШҚО-34 адам қан тапсырды және басқа өңірлерде де адамдар бұл апатқа бей-жай қараған жоқ, деп жазды министр.

Фото: instagram/akmaralalnazarova

Байланысты жаналықтар

Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

06.05.2025

Ақтау көшелерінде аш жүрген жыртқыш байқалды 

06.05.2025

Алматы әуежайында ішкі рейстер кешікті

05.05.2025

Ақтауда су арнасынан өлі шаяндар табылды

04.05.2025

АҚШ Украинаға F-16 ұшақтарына арналған жаңа көмек пакетін мақұлдады

03.05.2025

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады

29.04.2025
MalimBlocks
Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

Ақтау көшелерінде аш жүрген жыртқыш байқалды 

Алматы әуежайында ішкі рейстер кешікті

Рейстер орта есеппен жарты сағатқа кешіккен

Ақтауда су арнасынан өлі шаяндар табылды

АҚШ Украинаға F-16 ұшақтарына арналған жаңа көмек пакетін мақұлдады

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады