Жаңбыр, қар және үсік: Қай өңірлерде ауа райы бұзылады

"Қазгидромет" РМК синоптиктер ертең, 25 сәуірде елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды Malim.kz.
Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі бар.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.
Ұлытау облысының шығысында найзағай ойнайды.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15 м/с-ке жетеді.
Атырау облысының батысында, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Павлодар облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында 3 градус үсік күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысында, солтүстігінде, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23 м/с.
Астанада күндіз найзағай күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.
Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз Аягөз ауданында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 3 градус үсік күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Фото: pixabay.com