457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері жарияланды

Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері жарияланды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Бюджеттен қанша қаржы бөлінген?

Министрлік мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 1 триллион 44,3 миллиард теңге бөлінген. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 337,6 миллиард теңге, ал ынтымақты зейнетақыға – 706,7 миллиард теңге бағытталған.

Елімізде қанша зейнеткер бар?

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша еліміздегі зейнеткерлер саны - 2 миллион 465 мың адам.

"2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнетақының жиынтық орташа мөлшері - 143 622 теңге. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 95 963 теңге, базалық зейнетақы – 47 659 теңге", – делінген хабарламада.

Фото: pixabay.com