Қазақстандықтар кредит алудан қайтпай тұр
Өткен жылы 6 800 000 азамат 10,6 трлн теңгеге кепілсіз тұтынушылық несие алған, деп хабарлайды www.malim.kz.
Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 16%-ға жоғары. Ұлттық банктің болжамынша, былтыр кепілсіз несие алатындар азаюы керек болатын, өйткені, несие беру шарттары қатаңдатылған еді. Бірақ бәрі керісінше болып шықты. Азаматтар табысы азайып, несие алу жолы қиындаса да, қарызбен өмір сүруді қолайлы санайтын болып шықты.
Халықтың табысы азайғанымен, енсие алу өскен. Бұл кері пропорционал дейді сарапшылар.
Мамандар мұның соңы әлеуметтік қиындықтарға алып келуі мүмкін, өйткені ҚҚС өседі деп отырмыз, сондықтан несие саясатын дұрыстап қолға алу керек дейді.
Фото: gov.kz