Шекара шетіндегі аймақтың мығым болуы маңызды

  • 03.04.2021

Мойындау керек, қазір Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы мәз емес.  Жұмыссыздық деңгейі, табыс көлемі дейтін маңызды салаларда Солтүстік Қазақстан ең төменгі орындарда. Осы аптада қоғам мән бермеген, көңіл аудармаған мәселе Үкімет отырысында кеңінен талқыланды. Солтүстік Қазақстан облысының 2025 жылға дейін даму бағдарламасы қабылданды. Енді бұл аймаққа жалпы көлемі 2 трлн. теңге инвестиция салынбақ!  Мына сандарға назар аударсақ:  Ауыл шаруашылығы бойынша 52 сүт фермасы, 2 тауық фабрикасы салынбақ. «Қызылжар» транспорт хабы іске қосылады, басқа аймақтармен байланысты артырып, барыс-келісті барынша күшейту үшін әуе қатынасы айына 16-дан 68 рейске дейін артады.  Сонымен қатар, облыстық жаңа аурухана, аудандарда 47 медициналық обьекті, тұрғындар үшін 21 мың пәтер мен 16 мектеп салынады. Назарбаев университетінің  негізінде жаңа университет іске қосылады. Осы жоспар бойынша 26 мың жаңа жұмыс орын ашылып, оңтүстік аймақтардан 11 мыңға жуық адам көшіп келеді. Бұл қабылданған бағдарламадағы кейбір сандар ғана. Ашығын айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экрономикалық жағдайын арттыруда Қ.Тоқаев ешқандай айқай-шусыз ұлттық қауіпсіздік үшін ең тиімді шешім қабылдап отыр.  Президенттің осы бастамасы аймақты дамыту арқылы ел шебіндегі, шекара бойындағы әлеуетімізді күшейтіп ғана қоймай, ондағы азаматтардың, қандастардың Отанға деген ризашылығын одан әрі күшейтпек. Сөзбен емес, іспен әрекет ету – ерекше маңызды.

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады