freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Иран елшісі неге ренжіді? Қазақ билігі бірдеңені аңғара ма?

Әлем
Иран елшісі неге ренжіді? Қазақ билігі бірдеңені аңғара ма?
ФОТО: ©inbusiness.kz

Иран елі тақырыбындағы сараптамаларымен белгілі Қуанышбек Қари желідегі өз парақшасында Иран елшісінің мәлімдемесі туралы жазыпты. Бұл туралы malim.kz тілшісі хабарлайды.

Кеше Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшісі Әли Акбар Джоукар Қазақстанды Иранға көңіл айтпағанын атап өткен еді. Осы оқиғаны белгілі шығыстанушы, Иран жөніндегі сарапшы былай тарқатыпты  (өзгеріссіз беріліп отыр - ред.):


Бүгін Иранның Қазақстандағы елшісі Әли Акбар Джоукардың тілші сұрағына берген жауабы елең еткізді.

Тілші Қазақстанның неге Иранға көңіл айтпағанын сұраған екен. Елші барынша жауап беруге тырысыпты.

"Қазақстан – біз үшін дос әрі бауырлас ел. Мүмкін, демалыс күні болғандықтан Қазақстан билігі хабарлама жіберуге мүмкіндік таппаған шығар,"-

деп қиялапты.

"Бұл сұрақтың жауабын дәтің шыдаса, Қазақстан басшыларының өзінен сұрап алыңыз. Менің учаскем емес," -

дегенді айта алмаған екен.

Артынша Қазақстан сыртқы істер министрлігі Иран халқына бағыттап Иран билігінің әрекетін айыптаған мәлімдеме жасады. Кері адресінде басшыны айтпағанда, министрдің де есім-сойы аталмады. Жаңадан тағайындалған ресми өкілдің атынан жарияланды. Қаза тапқан аятолланың да мансап, аты-жөні келтірілмеді. Ирандағы Қаңтар оқиғасына да меңзеу бар сияқты.

"Соңғы қайғылы оқиғалар салдарынан бейбіт тұрғындардың, оның ішінде балалардың, сондай-ақ Ислам Республикасының жоғары басшылығы өкілдерінің қаза болуына байланысты Иран халқына қайғырып көңіл айтамыз," -

депті Қазақстан уәзірлігі.

Мәлімдеменің айыптауы мына тұсынан байқалады: "Қазақстан достық пен жан-жақты ынтымақтастық қатынастарын дәйекті түрде дамытып келе жатқан және Иранға қарсы соғысқа қатыспайтын араб мемлекеттерінің азаматтық нысандарына жасалған соққыларға байланысты өкініш білдіреді."

Әдетте, Қазақстан басшылығы түрлі-түсті демалыстар мен сапарларда жүріп, басқа елдердегі оқиғалардың сипатына орай құттықтау, не көңіл айту жеделхатын жолдап жататын. Бұл жолғы ләм басқа. Ирандағы саяси жүйенің мүддесін елемеген, оның құлауына сенімді әрекет болып шығыпты.


Бұдан бұрын әйгілі ирантанушы malim.kz тілшісіне Иран елі мен Парсы шығанағының бүге-шігесін түсіндірген еді:

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу