Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Кәмелетке толмаған қызды ұрып-соғып, шашын қырып тастаған (ФОТО)

Әлем
Кәмелетке толмаған қызды ұрып-соғып, шашын қырып тастаған (ФОТО)
ашық дереккөзден

Қырғызстанның Жалал-Абад облысында кәмелетке толмаған қызды аяусыз соққыға жығып, шашын қырып тастаған оқиға тіркелді. Бұл туралы облыстық ішкі істер басқармасы мәлімдеді, деп жазады Malim.kz.

Kaktus.media дерегінше, полицияға 1988 жылы туған әйел арызданған. Оның айтуынша, 2009 жылы туған қызы Р.М.-ды 8 қаңтардан 9 қаңтарға қараған түні үш адам – Азат, Жумагүл және Тазагүл ұрып-соғып, азаптаған, сондай-ақ шашын жартылай қырып тастаған.

Жәбірленуші қыз Өзген аудандық ауруханасына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді. Аталған факті бойынша "азаптау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Құқық қорғау органдары күдіктілерді ұстады. Олардың бірі – Базар-Қорған ауданының тұрғыны, 1988 жылы туған Т.Н. (Тазагүл), екіншісі – Сузак ауданының тұрғыны, 2006 жылы туған Н.А. (Азат). Манас аудандық сотының шешімімен олар қамауға алынды.

Сондай-ақ тергеу барысында Т.Н.-ның бұған дейін бұзақылық пен алаяқтық бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу