Алматының алма бақтары мемлекет меншігіне қайтарыла ма?

Әкімдік пен ЖШС арасында жасалған мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап арыз берілді

Мадина Қайнарова

  • 31.10.2024

Алматы қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті қаладағы алма бақтары мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады.

Департаменттің мәліметі бойынша, 2004 жылы «Халықаралық клубтар қауымдастығы» ЖШС Қарасай ауданы аумағынан тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін көлемі 884,9 га жер учаскесіне меншік құқығын алған. Бұл құқық аудан әкімінің шешімімен 2004 жылы берілген.

- Алматы қаласының жер қатынастары басқармасының 2015 жылғы 28 қыркүйектегі бөлу туралы қорытындысы мен 2015 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығы негізінде аталған жер учаскесі 16 учаскеге бөлініп, жаңа кадастрлық нөмірлері берілген. Бұл жер учаскесі арқылы Керенқұлақ өзені мен Берқара өзені ағып жатқанын атап өту маңызды. ҚР Жер кодексінің (2004 жылы қолданыста болған) 132 және 133-баптарына сәйкес су қорының жерлері мемлекеттік меншік болып табылады және тиісті органдардың келісімдерімен уақытша пайдалануға ғана берілуі мүмкін,- делінген депаратменттің хабарламасында.

Яғни, аталған жер учаскесін беру кезінде кезде су айдындары алып жатқан жерлерді беруге тыйым салу бөлігінде жер заңнамасының нормалары ескерілмеген.

Осы ретте Алматы қаласының прокуратурасы «Халықаралық клубтар қауымдастығы» ЖШС мен Қарасай ауданы әкімінің аппараты арасында жасалған мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап арыз беріпті.

Фото: agroinvestor.ru

Байланысты жаналықтар

«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

02.04.2025

Астана-Алматы бағытындағы пойыз енді Шу станциясына тоқтамайды

01.04.2025

Алматыдан 178 шақырым қашықта жер сілкінді

31.03.2025

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

30.03.2025

Тоқаев Мирзиёевті шығарып салды

29.03.2025

Алматыға Шавкат Мирзиёев келді

29.03.2025
MalimBlocks
«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

Өнер иесі пәтерді жақын адамына сыйламақ.

Астана-Алматы бағытындағы пойыз енді Шу станциясына тоқтамайды

Алматыдан 178 шақырым қашықта жер сілкінді

Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде қала әкімі Ерболат Досаевқа шаһарды жарықтандыру, пәтерлерге суды уақтылы және толық беру, көшелер мен аулаларды абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Тоқаев Мирзиёевті шығарып салды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев​​​​​​​тің Қазақстанға жұмыс сапары аяқталды

Алматыға Шавкат Мирзиёев келді