Пәтерге мың адамды тіркей алмайсың. Жаңа ереже күшіне енеді

Пәтерге адамды тіркеу кезінде әр адамға 15 шаршы метр белгіленбек

Malim Админ

  • 26.11.2024

Астанада адамдарды тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеуге қатысты заңнамаға өзгерістер енгізу қарастырылып жатыр. Егер ол өзгерістер қабылданса, бұдан былай бір мекенжайға мыңдаған адамды тіркеу мүмкін болмайды.

Астана қаласы Полиция департаменті Көші-қон басқармасы бастығының орынбасары Қанай Жұмабековтің айтуынша,  адамдарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу қағидасында бір пәтерге нақты қанша адамды тіркеуге болатыны заңмен реттелмеген. Сондықтан да үлкен қалаларда бір мекенжайға мыңнан аса адамды тіркеу деректері анықталып отыр.

«Көші-қон заңнамасына тұрғылықты жері бойынша тіркеу мәселесіне қатысты өзгерістер қарастырылып жатыр. Мәселен, пәтерге адамды тіркеу кезінде әр адамға 15 шаршы метр белгіленбек. Бірақ сол үйде тұрып жатқан отбасы мүшелері есепке алынбайды. Демек, пәтер иесінің өзі, жұбайы, ата-анасы, балалары есептелмейді, басқа адамдар ғана есептеледі. Бұл жағдайда, мысалы, пәтер аумағы 60 шаршы метр болса, онда бөтен 4 адамды ғана тіркеуге тұрғызу мүмкін болады», - дейді Қанай Зияханұлы.

Жуырда Мәжілісте Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы таныстырылды. Онда «Халықтың көші-қоны туралы» Заңның 51-бабы 2-тармағы 1-тармақшасына мынадай мазмұндағы бөлік қосу көзделген:

«Астана аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу Қазақстан Республикасының астана мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес астананың жергілікті өкілді органы бекітетін астана аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу нормативтері ескеріле отырып жүзеге асырылады».

Фото: Liter.kz  

Байланысты жаналықтар

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Қостанайда тұрғын үйден өрт шықты

06.04.2025

Декрет демалысындағы әйелдердің төлемі қысқартылды

01.04.2025

Жәкішев Мәсімовтің зәулім үйін сатып алғаны рас па?

27.03.2025

Астанада Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі сатылмай қалды

25.02.2025

Алаяққа алданған Қайрат Нұртастың әйелі үйін қайтарып алатын болды

18.02.2025
MalimBlocks
Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Қостанайда тұрғын үйден өрт шықты

Қостанайда тұрғын үйден өрт шықты. ТЖМ қызметкерлері 6 адамды құтқарып, 8 адамды эвакуациялады

Декрет демалысындағы әйелдердің төлемі қысқартылды

Болашақ ана айына бірнеше миллион табыс тапса да, енді оның жәрдемақысы ең көп дегенде 595 мың теңге кіріске қарай есептеледі

Жәкішев Мәсімовтің зәулім үйін сатып алғаны рас па?

Ресейлік БАҚ-тар қазақстандық кәсіпкер Мұхтар Жәкішев Кәрім Мәсімовтің үйін сатып алды деген ақпаратты таратты

Астанада Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі сатылмай қалды

Үйдің құны 1,8 млрд теңгеге бағаланған

Алаяққа алданған Қайрат Нұртастың әйелі үйін қайтарып алатын болды

Бұл туралы тележүргізуші Динара Сәтжан мәлім етті