Қаңтар оқиғасы: Президент резиденциясы мен әкімдікті басып алды деп айыпталғандарға үкім шықты

Сотталушылар кінәсін жартылай мойындады.

Malim Админ

  • 11.06.2024

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жаппай тәртіпсіздік пен шабуылға қатысып, күзетілетін объектілерді басып алды, сондай-ақ билік өкілдеріне зорлық-зомбылық көрсетті (272-бап, 269-1-бап 3-бап 380-бап) деп айыпталған 11 сотталушының ісі қаралды, деп хабарлайды Malim.kz.  

2022 жылдың 4-5 қаңтарында сотталушылар жаппай тәртіпсіздікке қатысып, қорғалатын объектілерге — Алматы қаласының әкімдігіне, Президент резиденциясына, полиция бөліміне заңсыз кірген. 

Сотталушылардың қылмыстық әрекеті мүліктің жойылуына ұласып ауыр зардаптарға әкелді.

Тәртіпсіздік барысында үш сотталушы қоғамдық тәртіп орнату жөнінде шаралар қабылдаған әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне зорлық-зомбылық көрсетті.

Ал сотталушылардың біреуі екі әскери курсантты тұтқынға алып, оларға жеңіл дене жарақаттарын келтірген. 

Сотталушылар кінәсін жартылай мойындады.

Аталған қылмыстар ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатады.

Жаза тағайындау кезінде сот жауапкершілікті жеңілдететін жағдайларды ескерді: сотталушылардың кәмелетке толмаған балаларының болуын, денсаулық жағдайларын, отбасылық жағдайларын және бұрын сотты болмағандарын.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сот 10 сотталушыны ҚК 272-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 269-бабының 3-бөлігі-1), 4), 8) тармақшалары бойынша кінәлі деп тапты. 

Рақымшылық туралы заң қолданыла отырып, олардың әрқайсысы 1 жылға 9 айға бас бостандығынан айырылды.

Бір сотталушы ҚК 272-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 1), 4), 8) — тармақтары, 269-1-бабының 3-бөлігі, 261-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.

Ол Рақымшылық туралы заңы аясында 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды