Таиландтан «Қазпоштамен» алдырған. Алматы облысында есірткі контрабандасы ісіне сот үкімі шықты

Кінәлі адам 16 жылға қамалды

Мәди Саматұлы

  • 16.01.2025

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысында аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасы  дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Еске салсақ, Алматы облысы Іле ауданының «Қазпошта» АҚ бөлімшесіне жалпы салмағы 800 граммға жуық каннабис сығындысы (гашиш майы) есірткі заты бар пошта жөнелтілімі келіп түскен.

Жедел іс-шаралар барысында күдіктінің Telegram мессенджерін пайдаланып, Таиландтан есірткіге тапсырыс бергені белгілі болған.

Пошта жөнелтілімін ашу кезінде косметикалық заттар түрінде жасырылған 8 банканың ішінде есірткі заттары анықталған.

Сот үкімімен кінәлі тұлғаға 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, тәркіленген есірткі жойылған.

Жалпы, жыл басынан бері ҚМА контрабанда және есірткі құралдарының заңсыз айналымы фактілеріне қатысты 135 қылмыстық іс тіркеген.

Сонымен қатар, 77,1 келі есірткі құралдары, 3,2 келі психотроптық заттар, 206 мың анаболиктер (улы зат) және 1 700 «Тропикамид» көз тамшылары тәркіленген.

Фото: видеодан скриншот

Байланысты жаналықтар

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

14.04.2025

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

14.04.2025

Жезқазғанда есірткі жарнамалаған ер адам сотталды

12.04.2025

Есірткі сатқан футболшы мен актер ұсталды

10.04.2025

Ұлытау облысында Нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңес құрылды

07.04.2025

Алматы облысында қамауда отырған жігіттер аштыққа шыдамай өздерін тілгілеп тастады

07.04.2025
MalimBlocks
Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

Жезқазғанда есірткі жарнамалаған ер адам сотталды

Жезқазғанда ақшалай сыйақы үшін есірткіні жарнамалаған ер адам ұсталды

Есірткі сатқан футболшы мен актер ұсталды

Шымкентте жергілікті футбол командаларының бірінде ойнаған шетелдік есірткі сатқаны анықталды

Ұлытау облысында Нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңес құрылды

Кеңестің төрағасы болып Ербол Қайырбеков тағайындалды.

Алматы облысында қамауда отырған жігіттер аштыққа шыдамай өздерін тілгілеп тастады