Тараз әкімдігінің қызметкерлері 100 млн теңгені талан-таражға салған

Қазір тиісті сараптамалар жүргізіліп, олардың нәтижесі бойынша іс жүргізу шешімдері қабылданады.

Берік Дәулетов

  • 30.07.2024

Қаржылық мониторинг агенттігі Жамбыл облысының прокуратурасымен бірлесіп, Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің қызметкерлеріне қатысты бірқатар заңбұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Malim.kz.

Агенттіктің мәліметінше, әкімдік қызметкерлері мемлекет кірісіне түскен тауарлық-материалдық құндылықтардың есепке алынбағанын пайдалана отырып, ресми құжаттарды қолдан жасау арқылы соттардың үкімдері бойынша тәркіленген коммерциялық жылжымайтын мүлік пен халық тұтынатын тауарларды мекеменің балансынан заңсыз шығарып алған. Олардың заңсыз әрекеттерінен салдарынан мемлекетке келтірілген залал 100 млн теңгеден асады.

Қазір тиісті сараптамалар жүргізіліп, олардың нәтижесі бойынша іс жүргізу шешімдері қабылданады.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Фото: gov.kz/Қаржылық мониторинг агенттігі

Байланысты жаналықтар

17 мамырға арналған валюта бағамы

17.05.2025

Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

16.05.2025

16 мамырға арналған валюта бағамы

16.05.2025

Ұлттық банк 15 мамырға арналған валюта бағамын белгіледі

15.05.2025

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

14 мамырға арналған валюта бағамы

14.05.2025
MalimBlocks
17 мамырға арналған валюта бағамы

Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

 

16 мамырға арналған валюта бағамы

Ұлттық банк 15 мамырға арналған валюта бағамын белгіледі

Таразда депутат соққыға жығылды

14 мамырға арналған валюта бағамы