Жезқазғанда 12 мектепке дейінгі ұйым азық-түлікті қымбатқа алмақ болған

Азық-түлік тауарларын ЖК-дан сатып алу жоғары бағамен жүзеге асырылғаны анықталды.

Malim Админ

  • 11.06.2024

Ұлытау облысының жалпы білім беру ұйымдарында азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі тауарлар бағасының негізсіз өсу фактілерінің жолы кесілді, деп хабарлайды Malim.kz Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жезқазған қаласының мектепке дейінгі 12 ұйымында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын ЖК-дан сатып алу жоғары бағамен жүзеге асырылғаны анықталды.

Өндіруші зауыттан тұтынушыға дейінгі бағаның айырмашылығы: қант 303 тг/кг мен 750 тг/кг (147%), қарақұмық жармасы 232 тг/кг мен 580 тг/кг (150%); айран 2,5% 450 тг/л. мен 179 тг/л. (135%); нан 475 тг/дана мен 85 тг/дана (274%); тауық жұмыртқасы 65 тг/дана мен 43 тг/дана (51%).

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өнім берушімен қосымша келісімдер жасалды, оның қорытындысы бойынша нан, ұн, қант, өсімдік майы, айран, қарақұмық, күріш, сәбіз, пияз, тұз, жұмыртқа және картоп сияқты 12 атауға бағаның төмендеуі қамтамасыз етілді.

Бұл ретте үнемдеу 17 млн теңгеден асты.

Фото: riverapeople.ru

Байланысты жаналықтар

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

08.05.2025

Түркістан облысында балалар мектеп-интернаттан шығарылған

06.05.2025

Биылғы жазда мектептер жанынан 10 мыңнан астам лагерь ашылады

03.05.2025

Биыл соңғы қоңырау қашан соғылады?

02.05.2025

Ұлытау облысында 11 отбасы жаңа баспанаға ие болды

01.05.2025

Шетелден қайтарылған ақшаға 89 мектеп салынып жатыр

30.04.2025
MalimBlocks
Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

Түркістан облысында балалар мектеп-интернаттан шығарылған

Биылғы жазда мектептер жанынан 10 мыңнан астам лагерь ашылады

Биыл соңғы қоңырау қашан соғылады?

Ұлытау облысында 11 отбасы жаңа баспанаға ие болды

Бұл баспаналар әлеуметтік осал топтар үшін салынған

Шетелден қайтарылған ақшаға 89 мектеп салынып жатыр