Мәскеуде Ресей армиясының генерал-лейтенантына қастандық жасалды, деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.
Ресейдің Тергеу комитетінің ақпарат агенттігіне хабарлауынша, белгісіз адам генерал-лейтенант Владимир Алексеевке оқ атқан.
«Тергеу мәліметтері бойынша, 6 ақпанда Мәскеудегі Волоколамск тасжолында орналасқан тұрғын үйде жеке басы әзірге анықталмаған тұлға ер адамға бірнеше рет оқ атып, оқиға орнынан бой тасалаған», - деді Ресей Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко.
Генерал қалалық ауруханалардың біріне жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды. Тергеушілер мен криминалистер бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп, куәгерлерден жауап алуда. Атқан адамның жеке басы әзірге анықталған жоқ.
Аталған дерек бойынша адам өлтіруге оқталу және атыс қаруын заңсыз айналымға енгізу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.
БАҚ мәліметінше, Владимир Алексеев 2011 жылдан бері Ресей Қарулы Күштері Бас штабының Бас барлау басқармасы бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарып келеді.
Еске салайық, 2025 жылғы желтоқсанда Мәскеуде автокөліктің жарылысы салдарынан Ресей Қарулы Күштері Бас штабының жедел даярлық басқармасының басшысы, генерал-лейтенант Фанил Сарваров қаза тапқан болатын.