Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтау маңындағы қайғылы оқиға бойынша Үкіметтік комиссия құрылды

Оқиға
Ақтау маңындағы қайғылы оқиға бойынша Үкіметтік комиссия құрылды

Үкімет қаулысымен Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Az Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау себептерін тексеру бойынша Үкіметтік комиссия құрылды. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

Комиссия құрамына премьер-министрдің орынбасары, Маңғыстау облысының әкімі, Төтенше жағдайлар, Көлік, Сыртқы істер, Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау министрліктерінің басшылығы, Бас көлік прокуроры кірді.

Комиссияға оқиға орнына дереу ұшып барып, ұшақтың апатқа ұшырау себептерін жан-жақты тексеруді қамтамасыз ету, қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету шараларын қабылдау тапсырылды, деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Қазақстан Үкіметі Әзербайжан Үкіметімен болған оқиғаның себептерін жан-жақты тергеу және алғашқы көмек көрсету бойынша бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Баку-Грозный бағытында ұшып келе жатқан ұшақ Ақтау маңында құлағанын жазған едік.

Көлік министрлігінің алдын ала ақпаратына сәйкес, бортта 6 – Қазақстан, 37 – Әзербайжан, 3 – Қырғызстан, 16 – Ресей азаматы болған. 

Соңғы мәліметтер бойынша ұшақ бортындағы 67 жолаушының арасында аман қалғаны 28 адамға жетті, оның екеуі бала.

Фото: Үкімет

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу