Аягөзде өзіне қол салған офицер туралы тың дерек шықты

Оның жұмысқа орналақанына 13 күн ғана болған

Мадина Қайнарова

  • 20.09.2024

Бұған дейін Абай облысындағы Аягөз гарнизонында әскери бөлімнің офицері өзіне қол салғаны туралы жазған едік. Оның мәйіті кеше өзі тұрып жатқан пәтерден табылған.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев осы жағдайға қатысты тың деректермен бөлісті.

Оның айтуынша, қайтыс болған офицер - оның әріптесінің бауыры. Ол әскери қызметкердің суицид жасағанына сенбей отыр екен.

- Әскери қызметкер қаржы бөліміне екі жылға жұмысқа шақырылған. Ол 6 қыркүйекте келді. Тиісті ақшасы толық төленген. Қызметіне қатысты ешқандай шағым айтпаған, - дейді Жазықбаев.

Белгілі болғандай, офицердің мәйіті жұмыстан тыс уақытта табылған. Министрдің орынбасарының сөзінше, жас жігіт әскери өмірдің қиындығын әлі көріп үлгермеген.

- Оның келгеніне көп уақыт болған жоқ. Әскери өмірдің қиындығын әлі көріп те, сезініп те үлгермеді деп ойлаймын. Қылмыстық іс «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, өзге ақпаратты жария ете алмаймын, - деді ол.

Фото: pexels

Байланысты жаналықтар

Биыл мыңдаған қазақстандық әскери жиынға шақырылады

02.04.2025

Алматыда 19 жастағы қыз 9-қабаттан құлап көз жұмды

28.03.2025

Париждегі саммит: Еуропа басшылары Украинаны қолдауды күшейтпек

27.03.2025

Литвада төрт америкалық сарбаз көз жұмды

26.03.2025

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

26.03.2025

Қытай Украинаға әскер жіберуі мүмкін

23.03.2025
MalimBlocks
Биыл мыңдаған қазақстандық әскери жиынға шақырылады

Алматыда 19 жастағы қыз 9-қабаттан құлап көз жұмды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Париждегі саммит: Еуропа басшылары Украинаны қолдауды күшейтпек

Литвада төрт америкалық сарбаз көз жұмды

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

Қазгидромет мамандары Қазақстанда қай аймақтарды су басу қаупі бар екенін айтты

Қытай Украинаға әскер жіберуі мүмкін

Қытай Украинадағы бітімгерлік күштерге қатысу мүмкіндігін қарастырып жатыр