Лотерея ұйымдастырған блогерлерге қылмыстық іс қозғала ма?

Қазақстанда кейбір блогерлерге қатысты тексерулер басталады

Сұлу Бөлек

  • 10.04.2025

Қазақстанда кейбір блогерлерге қатысты тексерулер басталады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, блогерлермен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бір айдың ішінде бюджетке қосымша 9 миллиард теңге түскен. Бұл сома блогерлер мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) ескертулерінен кейін ерікті түрде тапсырған жаңа декларацияларында көрсетілген.

"Бір айдың ішінде бұл сомалар бюджетке түсті. Қазір кейбір блогерлерге қатысты тексеру шаралары басталады. Себебі олар қойылған талаптармен келіспеді. Сондықтан жұмыс жалғасып жатыр", – деді вице-министр.

Көптеген блогердің лотереялар мен ұтыс ойындарын ұйымдастыруы - заң бұзушылық, сондықтан оларға санкциялар қолданылуы мүмкін.

"Қазір көптеген блогер лотерея, ұтыс ойындарын өткізпі жатыр. Бұл – заңмен тыйым салынған әрекет екенін ескерткім келеді. Сондықтан оларға да санкциялар қолданылуы мүмкін. Заң аясында жұмыс істеу керек", – деп ескертті ол.

Сондай-ақ Ержан Біржановтан салық төлеуден жалтарғаны үшін блогерлерге қылмыстық іс қозғалуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.

"Қылмыстық іс біз қозғамаймыз. Біз тек салықтар тұрғысынан қараймыз, есептеп, қосымша өндіріп аламыз. Ал лотерея қызметі туралы заң бұзушылықтар бойынша уәкілетті орган спорт және туризм министрлігінің тиісті комитеті. Бұл жерде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Егер сомалар белгілі бір шектен асып кетсе, материалдар құқық қорғау органдарына беріледі", – деп түйіндеді вице-министр.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстандық блогерлерге желіде лотерея ойнатқаны үшін айыппұл салынатыны ескертілген еді. 

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Қазақстандық блогерлер салық төлей бастады

19.05.2025

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

11.05.2025

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

05.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

"Қазақтың Робин Гуды" атанған блогерге тағы бір қылмыстық іс қозғалды

05.05.2025

Елімізде қанша адамның жалақысы 3 млн теңгеден көп?

01.05.2025
MalimBlocks
Қазақстандық блогерлер салық төлей бастады

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

Іс "Қорлау" бабы бойынша қаралып жатыр

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған

"Қазақтың Робин Гуды" атанған блогерге тағы бір қылмыстық іс қозғалды

Елімізде қанша адамның жалақысы 3 млн теңгеден көп?