Қарағандыда асырап алған жетім балаларды қорлаған отбасы сотталып жатыр

Қарағандыда асырап алған жетім балаларды қорлаған отбасы сотталып жатыр

Сұлу Бөлек

  • 25.04.2025

Қарағандыда жетімдер үйінен 6 бала асырап алып, қызын — күң, ұлын құл қылған отбасы сотқа тартылып жатыр, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Тергеу мәліметінше, асыранды балалар ата-ана мейірімінің орнына қорлық көрген. Олар тамақ бермей, үнемі ұрып-соғып, ақыры біреуін мүгедек қылған. Отбасының үш мүшесіне қатысты азаптау бабы бойынша айып тағылды.

Қарқаралы ауданына қарасты ауылдардың бірінде отбасы 2018 жылы отбасы типінде балалар үйін ашқан. Патранат тәрбиеге балалар үйінен алты жеткіншекті алады. Оларды бірден малға салып, қора‑қопсысын қаратып, қара жұмысқа жеккен. Қит етсе, көкала қойдай етіп сабап, нәр татырмай қояды екен.

Прокурор балалардың ботқасына "малдың тезегін қосып берген" деген деректерді жеткізді. Тіпті олар далада, иттің үйшігінде түнеген кезі де болған. Сарапшылар үнемі таяқ жеп келген балалардың денесінен 19-дан 47-ге дейін тыртық анықтаған. Ең кішісінің тіпті басын жарып тастаған. Жаны әрең қалған оның бас сүйегінің орнында пластина салыныпты. Ауданның қорғаныш бөлімі қайда қарағаны түсініксіз. Ал алты баланың тәрбиесіне ай сайын төленетін 300 мың теңгені қысылмай алып келген. Қазір үш бала туған әжесінің қарауына берілген. Қалған үшеуі балалар үйіне қайтарылып, құлдықтан құтылды.

"Балаларға күнде қол жұмсап отырған. Түкке тұрмайтын қылығына бола қамшымен сабап, көсеумен оңдырмай ұрып келген. Соның салдарынан балалардың басы, беті, қол-аяғы толған тыртық. Дұрыс тамақтанбағандықтан, қатарластарына сай дамып өспеген. Зор күш талап ететін қора-қопсының қара жұмысынан шалалық көрсе, үнемі жұдырықтап келген", - деді прокурор Әділ Садықов. 

Фото: Видео кадры

Байланысты жаналықтар

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025
MalimBlocks
Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды