Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Талғарда жұрт көзінше ер адамды ұрып-соққандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Оқиға
Талғарда жұрт көзінше ер адамды ұрып-соққандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Желіде Талғар ауданында бір топ адам ер адамды жабылып ұрып жатқаны бейнеленген видео пайда болды. Бұл бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.  

Оқиға 27 сәуірде таңертең Бесағаш ауылындағы "Нұрия" тұрғын үй кешенінің аумағында болған. Алайда полицияға бұл жағдай туралы ешқандай арыз немесе хабарлама келіп түспеген.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қоғамдық тәртіпті бұзу дерегі әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде анықталды", – деді ведомство өкілдері.

Қазір полиция жанжалға қатысқандарды анықтап, ұстау шараларын жүргізіп жатыр.

"Барлық қатысушы заңға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады. Қоғамдық тәртіпті бұзуға және агрессияға жол берілмейді, ондай әрекеттер дереу тоқтатылады" – деді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осы оқиғаға қатысты видеоны блогер Сырым Итқұлов жариялаған. Оның айтуынша, бірнеше адам жігітті есінен танғанша ұрып-соққан. Жәбірленуші қан-қан күйде әрең тұрған, ал ұрғандардың бірі терезеден түсіріп жатқан куәгерлерге балағат айтып, қорқытуға тырысқан.

Фото: видео кадры

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу