Әблязов ісі: Тағы бір күдікті ұсталды

Malim Админ

  • 30.10.2020

Грузиядан «БТА Банкі» АҚ-ның бұрынғы басқарма мүшесі – басқарушы директоры Асылмұрат РАМАЗАНОВ экстрадициялады. Бұл туралы бас прокуратура хабарлады.

Ол 249 млрд. теңгеден астам сомаға БТА Банкінің активтерін Мұхтар ӘБЛЯЗОВТЫҢ ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастығы мүшелерімен бірлесіп ұрлады деген күдікке іліккен болатын.

«Қылмыстық жауаптылықтан жалтару мақсатында Рамазанов Қырғыз Республикасы азаматының жалған төлқұжатын пайдаланып, Грузия аумағында жасырынып жүрген. Алайда қазақстандық құқық қорғау органдарының грузин әріптестерімен үйлесімді жұмысының арқасында ол Грузия ІІМ ұсталынды.Қазіргі уақытта Рамазанов Алматы қаласы тергеу изоляторына қамалды», - делінген бас прокуратура таратқан хабарламада.

 Фото: newtimes.kz

MalimBlocks