Мәсімов пен Байден кездесуі сөз болып жатыр

Елнұр Бақытқызы

  • 18.06.2021

АҚШ президенті Джо Байден вице-президент қызметін атқарғанда, ұлы Хантер Байден ұйымдастырған шетелдік бизнесмендермен кешкі асқа қатысқаны АҚШ басылымдарында бірнеше аптадан бері талқыланып жатыр.

The New York Post-тің жазуынша, Хантер Байденнің ноутбугіндегі хаттардан Джо Байден ұлының Украина, Ресей және Қазақстандағы бизнес әріптестерімен кешкі ас ішкені белгілі болды. Кешкі асқа үш қазақстандық шенеунік шақырылған, олардың арасында елде сол уақытта ірі банк болған Қазкоммерцбанктің төрағасы Марк Хольцман болды. Хантер Байден қалған екі қазақстандықтың атын атамаса да, кейін әкелі-інілі Байдендердің сол уақытта премьер-министр қызметін атқарған Мәсімовпен және бизнесмен Рақышевпен түскен суреті жарияланды. Басылым суреттің артқы фоны Вашингтонның Джорджтаун ауданында орналасқан "әлемдегі ең ықпалды адамдар баратын" жекеменшік Milano кафесіндегі интерьерге ұқсас екенін жазды.  Басылым мәліметінше, Джо Байден 2015 жылдың 16 сәуірінде Вашингтонның Джорджтаун ауданында орналасқан "әлемдегі ең ықпалды адамдар баратын" жекеменшік Milano кафесіндегі "Garden room"-де "украин, ресейлік және қазақстандық күмәнді "бизнесмендермен" кездесіп, тіпті суретке түскен". Алайда басылым сурет шын немесе жалған екенін дәлелдемейді.

Хантер хаттарында кездесуге шақырылған өзге екі қазақстандықтың атын атамаса да, кешкі ас өткен күні таңертең Хантердің бизнес әріптесі әрі Джон Керридің экс-кеңесшісі Арчер Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен Willard қонақ үйіндегі бөлмесіне "шағын жеке таңғы асқа" шақырылған. "Премьер-министр сізбен бірнеше сұрақты талқылағысы келеді, сізбен бірге уақытты тиімді өткізу мүмкіндігі үшін ол ризашылығын білдіреді", - делінген Хантердің хатында.

Басылымның жазуынша, келесі жылы Хантер хаттардың бірінде Мәсімовті "жақсы досым" деп жазған. The New York Post Хантер қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышевпен бизнес қарым-қатынас оорнатқанын және олардың хаттарын еске салады. Рақышевтің Novatus компаниясы Арчердің компаниясына Латвиядағы банк арқылы 142 мың доллар аударғанын жазады. Бұл сенаттың валюталық операциялар жөніндегі есебінен белгілі болды.

АҚШ-тың аса беделді The Washington post басылымы The New York post жазған мәліметтерді тексеріп көрген. Былтыр күзде Джо Байден ұлы Хантер Байденнің бизнес әріптестерімен кездесті, бұл кіші Байденнің ноутбуктегі хаттарынан белгілі болды деп New York Post мақала жариялағанда, президент сайлауына қатысып жатқан Джо Байден штабының өкілі оны теріске шығарып, Байден вице-президент болып тұрғанда, 2015 жылдың 16 сәуірі күні ондай кездесуге бармағанын айтты. Байденмен брге жұмыс істеген шенеуніктер де оны жоққа шығарған.

Алайда New York Post жақында жаңа деректер жариялаған соң, Washington Post тағы да фактчек жасап көрген.  Сөйтсе, Джо Байден расында да сол күні кездесуде төбе көреткен, алайда басылымның жазуынша,  Байден тек бір ғана адаммен кездескен.

Хантер Байден ол уақытта АҚШ-тың дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының төрағасы қызметін атқарды.  Ол уақытта ұйымның атқарушы директоры болған Рик Лич басылымға берген сұхбатында Джо Байден қонақтардың бірі грек православ шіркеуінің өкілі Алекс Карлуцоспен кездесу үшін аз уақытқа бас сұққан.

Джо Байденнің жұмыс кестесіне қарағанда, ол кешкі асқа келгенге дейін Ақ үйде Грекияның тәуелсіздік күніне орай сөз сөйлеген. Ол және Карлуцос әкей жақсы достар, бірін-бірі 40 жыл таниды.

Джо Байденнің ұлы Хантермен әріптес болған Личтің Washington Post-қа айтуынша, басқа бөлмеде 10-12 адам кешкі ас ішіп отырған. Бірақ Байден кешкі асқа отырмаған. "Ол кешкі асқа да, ас кезіндегі әңгімеге де қатыспады", - дейді Лич.

Басылым Байден кешкі асқа Карлуцоспен амандасу үшін бас сұқса, ол неге оның жұмыс кестесінде көрсетілмеді деп сұрақ қояды. Ақ үйдегі дерек көздің айтуынша, Байден Карлуцосқа бару туралы шешімді жұмыс уақыты біткен соң қабылдаған.

Мақала соңында басылым Қазақстаннан шақырылған үш қонаққа да тоқталады.

"Тексерілмеген, мерзімі көрсетілмеген сурет (әкелі-балалы Байдендер мен Кеңес Рақышев және Кәрім Мәсімовтің фотосы) былтыр қарашада қазақстандық сайтта жарияланды. Қазақ айында Daily Mail басылымы Хантер Байденнің Рақышевпен 2012-2014 жылдар аралығында бизнес байланысы болғанын жазды. Бұл шын сурет пе, егер шын болса, сол кешкі аста түсірілген-түсірілмегені белгісіз", - деген басылым Личтің "Байден Карлуцостан өзге адамдармен суретке түсп, үстелде отырғандармен сөйлескені есімде қалмапты" деген сөзін келтіреді.

The Washington Post-тің Хантер Байденнің әріптесі болған бір адамға сүйеніп, The New York Post-тегі мақаланы терістеуі факчтчектен гөрі президент Байденді ақтап алуға ұқсайды. Джо Байден де, Мәсімов пен Рақышев те былтыр қарашада жарияланған суретке қатысты еш жерде түсініктеме бермеген.

 

Байланысты жаналықтар

Байден Украинаға 8 млрд доллар көлемінде әскери көмек берді

27.09.2024

Зеленский БҰҰ бас хатшысымен не талқылады?

24.09.2024

Зеленский БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының сессиясына қатысады

23.09.2024

Трамптың штабынан ұрланған ақпарат Байденге жіберілген

19.09.2024

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы туралы ақпарат үшін сыйақы тағайындалды

15.08.2024

Антикор Кәрім Мәсімовтің күйеу баласына іздеу салды

14.08.2024
MalimBlocks
Байден Украинаға 8 млрд доллар көлемінде әскери көмек берді

Бұл туралы ол Владимир Зеленскийдің Вашингтонға сапары кезінде мәлімдеді

Зеленский БҰҰ бас хатшысымен не талқылады?

Украина президенті «Болашақ пактісін» қабылдауға үлес қосқан елдерге алғыс білдірді

Зеленский БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының сессиясына қатысады

Бейсенбіде Украина президенті Джо Байден мен Камала Харриске Ресейге қарсы соғыста жеңіске жету жоспарын ұсынады

Трамптың штабынан ұрланған ақпарат Байденге жіберілген

Федералды тергеу бюросы бұл ирандық хакерлердің әрекеті екенін айтты

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы туралы ақпарат үшін сыйақы тағайындалды

Антикор Кәрім Мәсімовтің күйеу баласына іздеу салды

Ол "Қазтеміртранс"АҚ операция және логистика жөніндегі бұрынғы вице-президенті.