Мирзиёев пен Рахмон ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

Қос Президент те 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.

Берік Дәулетов

  • 03.07.2024

Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Қазақстан астанасына келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонды әуежайда Қазақстанның Премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өзбекстан – 2001 жылы ұйым құрылғаннан бері ШЫҰ-ға қатысушы елдің бірі.

Бүгінгі таңда Өзбекстан – Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі шамамен $4,5 млрд құрады.

Бұл ретте биылғы 4 айда өзара сауда $1,2 млрд-қа жетті.

Біздің республикамыздың Орталық Азиядағы барлық тауар айналымының шамамен 57%-ы Өзбекстанмен байланысты.

Сондай-ақ Премьер-министр Олжас Бектенов Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды да қарсы алды.

Ол да 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.

Тәжікстан 2001 жылы ұйым құрылғаннан бері ШЫҰ-ның мүшесі. Соңғы 5 жылда тек Қазақстанмен тауар айналымы 48,2%-ға ұлғайып, $1,1 млрд құрады. ШЫҰ аясында да осы кезеңде барлық қатысушы елдер арасында 2019 жылы $42 млрд-тан 2023 жылы $66 млрд-қа дейін аталған көрсеткіштің тұрақты өсуі тіркелуде.

Фото: Үкімет

Байланысты жаналықтар

Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

19.05.2025

АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді

19.05.2025

АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

19.05.2025

Тоқаев Мажарстанға барады

19.05.2025

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025
MalimBlocks
Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді

АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

Тоқаев Мажарстанға барады

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды