Назарбаевтың немере інісі жұмыста. Демалып жатыр

  • 14.01.2022

Назарбаевтың немере інісі жұмыста. Демалып жатыр

«Келіп түскен сұрауларға сәйкес, ҚР ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары С.Әбіш өз қызметінде екенін хабарлаймыз.

Қазіргі уақытта ол жылсайынғы демалысында» деген хабар таратты ҰҚК-нің баспасөз қызметі.

Кеше ҰҚК бұрынғы басшылары Кәрім Мәсімовтің үстінен "Билікті басып алу" бабымен және бір қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған болатын. дБұған дейін К. Мәсімов «мемлекетке опасыздық жасау» бабы бойынша күдікке ілініп, тергеуге қамалған еді.

К.Мәсімовтен басқа ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Ерғожиннің де тергеуге алынып, қамалғандары айтылған еді. 

Елге мемлекеттік төңкеріс қауіпі төніп, төтенше жағдай орнап, жұрт шулап жатқанда Назарбаевтың немере інісі, ҰҚК төрағасының орынбасары Самат Әбіштің демалып жатқаны несі? Беймарал демалып жататындай мезгіл ме еді?

Оқи отырыңыз: Кәрім Мәсімов билікті басып алмақ болыпты

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Назарбаевтың немере інісін қызметінен босатты

17.01.2022

Мәсімов ресейлік спортшыға жанкүйер

25.10.2020

Қытайша білетіндер сенат спикері болады...

03.05.2020
MalimBlocks
Тоқаев Назарбаевтың немере інісін қызметінен босатты

Мәсімов ресейлік спортшыға жанкүйер

Қытайша білетіндер сенат спикері болады...