Назаров састы, Берденов қашты. Су жаңа депутаттар мандат алып жатыр

Жастарды тәрбиелейміз дейді

Malim Админ

  • 28.03.2023

Орталық сайлау комиссиясында Мәжіліске өткен депутаттарға мандат беріліп жатыр.


Тиесілі мандатын алуға барған су жаңа депутат Ардақ Назаровты журналистер бірнеше сұрақпен қарсы алды.  Арадағы диалог былайша өрбіді. «Қаңтарда оқ атуға бұйрық берген және оқ атқан адамдардың анықталуын, жазалануын талап етесіз бе?». Бұл сауалға нақты жауап берудің орнына Назаров  «Аман болыңыздар. Алла тағала елге тыныштық берсін» деп қысқа қайырды. «Сайлау әділ өтті ме?» деген сұраққа ол «әділ өткен шығар» деп сенімсіз жауап қатты.  Бұдан соң тілшілері оның парламентте нақты қандай мәселені көтеретінін, жоба-жоспарын білгісі келді. Су жаңа депутат «бұрынғыдай» Мәжіліске жастарды тәрбиелеуге бара жатқанын айтты.  Айтпақшы, депутат Назаров өзімен бір округтан сайлауға түскен қоғам қайраткері, Рысбек Сәрсенбайұлын танымайтын болып шықты. Әлеуметтің арқасында сайланған спортшы әлеуметтік желіде отырмайды екен.     

Ал жап-жаңа Respublica партиясының атынан сайланған депутат Руслан Берденов «алғашқы қадамын» журналистерден қашудан бастады. «Бір сұрақ қоюға рұқсат етіңіз» деген тілшілерден қатты сасып, тұра қашты жалма-жан. Ал олардың өзге әріптестері қойылған сұрақтарға жауап берді. 

Байланысты жаналықтар

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

07.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

04.05.2025

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

03.05.2025

Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды

30.04.2025
MalimBlocks
Таразда депутат соққыға жығылды

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды