Нығматуллин депутаттарын мақтады
Бүгін Мәжіліс депутаттары «ҚР-да бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасына Парламент Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қолдап, дауыс берді. Сонымен қатар, Қазақстан шекарасынан өтетін халықаралық көліктердің жүріп-тұруына байланысты да заң жобасы қаралып, мәжілістен қолдау тапты.
Осы сессияда депуттар ерекше белсенді екен. Қармағындағыларды Мәжіліс төрағасы Н. Нығматуллин мақтап өтті.
«Депутаттардың заң шығару бастамашылығы осы сессияда жоғары. 41 заң жобасына депутаттар өздері бастамашы болды, алда әлі он шақты заң жобасы бар. Солардың әрқайсысы қоғамдық өмірді жақсартуға арналады. Меніңше біздің депутаттар заң шығару саласындағы өз мүмкіндіктерін жақсы пайдаланып жүр», – деді спикер.
Депутаттардың спикер көңілінен шыққаны жақсы-ақ, бірақ халықтың көңілін де ұмытпаса екен.