«Пәтерді босат, зам әкім»: Маржықпаев Перуашевты «ұмытып» кеткен сияқты

Асылбек «зам аким» болғанда түйені түгімен, биені бүгімен жесе, пәтерді тастап кете салар еді

Malim Админ

  • 15.04.2022

Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі Айдар Байманов бұрынғы әкімнің орынбасары қызметін атқарып келген Асылбек Баяжұмаға «пәтерді босат» деп хат жолдаған. Бұл мәселе қаңтар айынан басталған көрінеді. Алайда Асылбек Баяжұма бұл талапты орынсыз дейді. Осыған байланысты Malім.kz порталының тілшісі оқиға кейіпкерімен сөйлесіп, мәселенің мән-жайын анықтап көрді.

Аршалы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Асылбек Баяжұма төрт баланың әкесі және оның сыртында қараусыз қалған Қайрат Жанат, Қайрат, Арайлым есімді жетім балаларды өсіріп, оқытып отыр. Асылбек Баяжұма 6 сәуір күні ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың бұйрығымен Ұлттық геральдика зерттеулер орталығының директоры болып тағайындалған.

«Мәселенің басты себебі – баспана мәселесі. Жалпы оқу бітіріп, еңбек еткен кезден бастап отбасыммен жалдамалы пәтерде тұрдық. Ешқашан өзімнің пәтерім болған емес. 2017 жылдан 2019 жылдар аралығында аудан әкімінің орынбасары болған уақытымда жер және тұрғын үйді бөлу комиссиясының төрағасы болсам да, өз атыма жер немесе баспана алып алу сынды арам ойдың жетегінде кетпедім. 2019 жылы қаңтардың 18-іне дейін Аршалы ауданындағы №16 кәсіптік техникалық лицейінің жатақханасының 1 бөлмесінде 4 баламмен тұрып келдім. 18 қаңтарда аудан тұрғындарының өтініші бойынша, аудан әкімі жаңадан салынған 5 этажды тұрғын үйден 3 бөлмелі пәтерді қызметтік үй ретінде берді. Алайда, аудандық тұрғын үй, жолаушылар тасымалдау және автомобиль жолдары бөлімімен 2019 жылы 18 қаңтарда №60 келісім-шартты жеке тұлға ретінде арендалық негізде тұрауға келісім шарт жасадық. Дегенмен, 2020-2021 жылдары әкімдік тарапынан үнемі пәтерді босату туралы бірнеше рет аудан әкімінің аппарат жетекшісі, орынбасарлары тарапынан қоңыраулар түсіп тұрды.

Бүгінгі таңда Аршалы ауданы әкімдігінен ресми түрде 2022 жылдың 11 ақпан күні,  шығыс номері №01-22/105 хаты келіп түсті. Хатта 2022 жылдың 18 ақпан күні баспананы босату туралы хабарлама жолдаған. Сонымен бірге, Ақмола облыстық мемлекетік қызмет істері жөніндегі басқармасы да аудан әкіміне хат жазуда. Қандай қатыстары бар екенін түсіне алмадым. Аршалы ауданы әкімдігінің бұл қылығы арқама аяздай батты. Қазір барар жер, басар тауым жоқ. Мемлекеттік қызметтің азын-аулақ жалақысымен 5 баланы киіндіріп, оқытып, білім беруге  және несиелерімізді өтеуге әзер жетіп жүр.  Нұр-Сұлтан қаласында баспана жалдап тұруға мүмкіндігім болмағандықтан  отбасым  Аршалыда, өзім тек демалыс күндері ғана барып, келіп жұмыс істеуге мәжбүрмін. Қалада Нұр-Сұлтан қаласы, Баянтау көшесі 46 үйдің бір бөлмесін 25 мың теңгеге жалдап тұрып жүрмін», – дейді Асылбек Баяжұма.

Қазір Баяжұма үшін ең маңыздысы – баспана мәселесі болып отыр. «Ел мүддесін, қоғамның мұң зарын үнемі көтеріп жүретін азаматтар ретінде, ҚР «Тұрғын үй қатынастары» туралы Заңының негізінде аталмыш баспананы көп балалы ана, бюджеттік сала қызметкері ретінде жұбайым Мырзатхан Майраның атына  басыбайлы жекешелендіру құқығымен немесе арендалық негізде келісім-шарт жасау сұрап отырмын. Менің бар талабым осы», – дейді ол.

Осылайша, көпбалалы отбасы және қараусыз қалған балаларды асыраушы ретінде Асылбек Баяжұма үйді өзінің жұбайы Майра Мырзатханқызының атына рәсімдеп беруді өтініп, аудан әкімшілігіне хат жазған. Алайда аудан әкімшілігі оған көнбей отыр. Аршалы ауданының әкімі Е.Жолымбетовтен 7 сәуірде тағы да хат келген. Хатта: «2022 жылғы 07 сәуірде тұрғын үй комиссиясының отырысы өткізілді, оның барысында жұбайына тұрғын үй беруден бас тарту туралы шешім қабылданды. Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Жеңіс көшесі, 2 үй, 28 пәтер мекенжайы бойынша орналасқан тұрған үйді ҚР тұрғын үй қатанастары туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес беру (үйді – ред) мүмкін емес. «Тұрғын үй қатанастары туралы» ҚР заңының 111-бабы, 1,2-тармаұтарын басшылыққа (негізге – ред) ала отырып, Сізге (Асылбек Баяжұмаға – ред) еңбек қатынастарының тоқталуына байланысты (аудан әкімінің 2019 жылғы 18 ақпандағы №47л/с өкімі) барлық тұратын адамдарыңыз шығарылуы қажет», – делінген.

Асылбек Баяжұманың айтуынша, Аршалы ауданы әкімшілігінен «хат-хабар» көп келетін көрінеді. Ақмола өңірінің біраз жерлерінде және Аршалы ауданында қызмет етіп келген Асылбек Баяжұманың бұл талабын аудан жұртшылғы да қолдайтынын айтады.

«Асылбек Баяжұма – асыл азамат. Асылбек Аршалы ауданы үшін мол еңбек сіңірген адамның бірі. Ауданның руханиятына, дамуына да аянбай үлес қосты. Енді оған Аршалының әкімі Айдар Байманов пәтерді босат, бұл саған қызметтік пәтер ретінде берілген депті. Асекең ол пәтерде отбасымен ғана емес, асыраушысынан айырылған екі баланы да асырап, бірге тұрып жатыр. Көпбала отбасы. Бұрын сол ауданда басшысылық қызмет атқарды. Бірақ Айдар Байманов оған қарап жатқан жоқ. Қысымды одан әрі жасап жатыр, ойына келгенді істеп құлақ асатын емес», – дейді атын атамауды сұраған Аршалы тұрғыны.

Аршалының өзге тұрғындары да Асылбек отбасы бала-шағасымен қайда барады; неге түсіністікпен қарамайды дейді. Әлде бізде заң жоқ па? Әділдік қайда? Асылбек «зам аким» болғанда түйені түгімен, биені бүгімен жесе, тастап кете салар еді? Бірақ ондайға қолы бармайтын азамат. Олар Асылбектің жасырын мүлкі жоқ екеніне сенеді, жалғыз ғана пәтері бар. Сосын шырылдап жүр дейді.

«Ағайын азаматымыздың жалғыз баспанасына араша сұрайық. Елміз ғой. Әкім айтты екен деп, бәріміз көлеңкеде қалып, көзімізді төмен салып, төбемізді көрсетпеуіміз арымызға да, азаматтығымызға да сын болар! Бассыздыққа жол беріп отырған Аршалының әкімі қайдан шыққан мықты? Мұндай бассыздықты Президентке жеткізуіміз керек.  Бұл «елім» деп жүрген азаматты тізеге басып сындыру ма?» – дейді Жеңіс Оспанов.

Баяжұма бұл мәселеге байланысты билікшіл «Ақжол» партиясынан көмек сұрапты. Партия төрағасы Азат Перуашев, бекер обалы не, бұл мәселе бойынша Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевқа айтыпты да. Бірақ, аудан әкімі төтенше бастығы Маржықпаевты тыңдамай ма, әлде, Маржықбаев Перуашевты ұмытып кетті ме екен, қысым әлі жалғасып жатыр. Тіпті, өз еркімен босатпаса, сотпен тартып алатындарын айтыпты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттардың ролін көтеру туралы айтқаны күні кеше, бірақ, өзгерген ештеңе жоқ сияқты ма?.. Әлде, Маржықпаев тек «Аманат» партиясының депутаттарын тыңдай ма?

 Егер, «ақжолдықтардан» ешқандай көмек болмаса, алдағы уақытта президенттің өзінен араша сұраймыз деп отыр Асылбек Баяжұма. Дегенмен, «Жаңа Қазақстанды» құруға білек сыбана кірісіп кеткен депутаттар мен әкімдер оған жеткізе қоймас деп үміттенеді...

Байланысты жаналықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

19.11.2024

Сербия сарайында президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

19.11.2024

Қарин: Еліміздегі жан-жақты реформалар жалғасын табады

15.11.2024

Тоқаев еміме көп ақша берді - Жүрсін Ерман

13.11.2024

Тоқаев бірнеше елдің президентімен кездесті

12.11.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік климат саммитіне қатысу үшін Баку олимпиадалық стадионына барды

12.11.2024
MalimBlocks
Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Сербия сарайында президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

Қарин: Еліміздегі жан-жақты реформалар жалғасын табады

Тоқаев еміме көп ақша берді - Жүрсін Ерман

Ақынның Швейцарияға баруына мемлекет басшысы көмектескен

Тоқаев бірнеше елдің президентімен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік климат саммитіне қатысу үшін Баку олимпиадалық стадионына барды

Президент СOP29 саммитінің пленарлық сессиясында ең бірінші болып сөз сөйлейді