Путиннің әдеті мен әдебі: Шариманнан Кемелжанға дейін

Айшолпан КЕРІМ

  • 21.06.2022

Кемелжан Ішемельевич, Кемел Жомартович, Касым Жемел Кемелевич… Кейінгі жарты жыл ішінде Ресей президенті Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты түрліше атап көрді. Тоқаевтың таққа келгеніне үш жыл болса да, Владимир Владимирович Путин оның атын жаттай алмай келеді және оның атын атаудан мейлінше қашқақтайды екен. Сондай жағдайларға шолу жасап көрдік.

Ресей президенті Владимир Путин Тоқаев билікке келгеніне екі жылдан аса уақыт өткен шақта да оның атын атаудан қашып, “жаңа президент” деп қайырған еді. 2021 жылдың желтоқсанындағы қорытынды баспасөз конференциясында “Қазақстан” телеарнасының журналисі Индира Бегайдардың “...Келесі жылы елімізге келу жоспарыңызда бар ма?” деген сұрағына жауап беріп,  Путин экс-президентті толық атымен атап, “Қазақстанмен бірегей қарым-қатынасымыз бар, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сол қатынастың бастамашысы болды және ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТ те сол қалыптасқан жағдайды сақтауға үлес қосып келеді…” деп жауап берді. Қаңтар айындағы қақтығыстар кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Путиннен немесе ҰҚШҰ көмек  сұрай мәлімдеме жариялады. Жауап берер тұста Путин президентті Кемел Жомартович Тоқаев деп атап бір, араға үш күн салып, Қазақстандағы қақтығыстарға қатысты пікір білдірер тұста Касым Жемел Кемелевич деп тағы бір шатасты.

Жақында Петербургте өткен халықаралық экономикалық форумда Путин алғашында Тоқаевтың атын шатаспай айтып, көпті таң қалдырғандай болды. Форум көрсетілімінен сақталған бейнежазбадан “Алғыс білдіремін, құрметті Қасым-Жомарт Кемелевич” дегенін анық естуге болады. Алайда кейінірек Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы теңқұқықтық қарым-қатынас жайлы сөйлеген соң, Путин Тоқаевтың атын тағы шатастырды.

Тоқаевтың сөзінен:

…Бұған дейін де айтқанымдай, бұл өте қиын жұмыс. Екі жақ үшін де тиімді шешім табу, бір-біріміздің мүдделерімізді ескеру…Иә, Еуропалық экономикалық одақ аясында пікірталас болып жатады. Біз тек ашық форматта емес, жабық форматта да кездесетіндіктен, мұндай жағдайлар болып тұрады. Алайда біз көп мәселенің шешімін тауып жатамыз. Бұл қуантады.

Путин Тоқаевтың осы пікіріне жауап беремін деп, Тоқаевтың атын тағы шатастырды.

…Рақмет, ӘРІПТЕСІМ айтқандай, бізде үнемі пікірталас болады... Жабық форматта біз үнемі пікір алмасамыз. Бірақ үнемі бір-бірімізді сыйлап, үнемі ортақ шешім іздейміз және табамыз. Бұл өте маңызды… Сіз сырттан болатын қысым жайлы айттыңыз. Міне, Кемелжан  Ішемельевич айтқандай…

… Қазақстанға келер болсақ, ҚАЗІРГІ ПРЕЗИДЕНТ, біз онымен көп мәселені талқыладық. Менің ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘРІПТЕСІМ айтпақшы…”. Осылайша, бір кездесу ішінде Путин “әріптесінің” атын тек бір рет дұрыс айтып, бір рет қателесіп, қалған жағдайларда ол жайлы атын атамастан әңгімелеуді дұрыс көреді.

Аталған жағдай әрбірінен кейін желіде түрлі пікір айтылып, бұл жағдайлар кейде әзілге де айналып жатады. Желідегі пікір қалдырушылардың бірі мұны сыйластықтың жоқтығы десе, ендібірі елді мазақ қылғаны деп, Путин президент есімін әдейі шатастырады деп жазады.

Алайда Тоқаев - Путин есімін жаттай алмай жүрген жалғыз президент емес. 2020 жылы қыркүйек айында Қырғызcтан президенті Сооронбай Жээнбеков Ресейдің Сочи қаласына ресми сапармен барған еді. Кездесуде Владимир Путин қырғыз президентін Шариман деп атап, шатасқан еді.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министрін қабылдады

02.04.2025

"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

31.03.2025

Ақорда Словения президентін салтанатты түрде қарсы алды

31.03.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Ораза айт мерекесімен құттықтады

30.03.2025

"Назарбаев Университетінің" президенті Үкімет жанындағы құрылымға мүше болды

29.03.2025

Тоқаев Корея халқына көңіл айтты

28.03.2025
MalimBlocks
Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министрін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевты қабылдады

"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар шағын құрамда келіссөз жүргізді

Ақорда Словения президентін салтанатты түрде қарсы алды

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Словения президенті Наташа Пирц-Мусарды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Ораза айт мерекесімен құттықтады

Рамазан айында имандылыққа, рухани тазаруға ұмтылған жұртымыз Айт күні ақ дастархан жайып, қонақжайлық көрсетеді

"Назарбаев Университетінің" президенті Үкімет жанындағы құрылымға мүше болды

"Назарбаев Университеті" президенті Ахмад Вакарға үкімет жанындағы құрылымнан лауазым беру туралы шешім қабылданды

Тоқаев Корея халқына көңіл айтты