Қажыгелдин биографиясында жетістік жоқ Келімбетов және басқалар туралы

Malim Админ

  • 22.09.2020

Қазақстанда экономикалық реформа жасайтын адам жоқ. Бұл туралы Zona.kz сайтына берген сұхбатында шетелде тұрып жатқан оппозиционер Әкежан ҚАЖЫГЕЛДИН айтты.

Қажыгелдиннің айтуынша,үкімет пен мемлекеттік органдарда отырғандардың бәрі шетінен миллионер, олардың арасында «қарындаш ұстап келдім, қарындаш ұстап кетем» дейтін адам жоқ.

«Бұл үкімет те, реформа бойынша Жоғарғы кеңесте отырған анау адамдар да нақты бір реформа ұсына алмайды, өйткені, олардың бәрі әртүрлі ипостаста тұрып халыққа қарсы саясат жүргізген, бір «группаның» адамдары. ...Қаншама өзін өзі ақтамаған, тек ақша тонау үшін ұсынылған жобалар болды? ...Экономиканы түбегейлі қайта құру үшін ақша керек. Ал бізге әлі қарызымызды қайтару керек», - дейді саясаткер.

Ол Қазақстанның дүниежүзілік банктен емес, Қытайдан қарыз ала беретінін алға тартады, өйткені, Қытай көп есеп талап етпейді...

Және Ақорда мен Кітапхананың айналасында бұл жағдайды өзгерте қоятындай ешкім жоқ. Тіпті, Тоқаевқа жағдайдың шынайы бейнесі жетпеуі де мүмкін дегенді айтады. Тоқаевқа кеңесші болып тағайындалған Чакрабарти де көп нәрседен хабарсыз күйі қалады.

«Ол жаққа ешқандай шынайы статистика жетпейді, оны не жасырып қалады, не расында білмейді. Сондықтан, Сэр Сума Чакрабарти ақылды түр жасап алып отырады және асып кетсе классикалық үлгідегі жалпылама кеңес береді. Бірақ, басты мәселе мұнда емес, реформаны кім жасайды, мәселе сонда. Өз активтерін қорғаштап, артын жабумен әуре болып жүрген Тимур Құлыбаев жасайды деймісіз? Әлде бүкіл биографиясында бір де бір жетістік жазылмаған Қайрат Келімбетов жасай ма? Банк жүйесінің коллапсқа ұшырауы соның мойнында, банк жүйесін «сауықтыру» соның мойнында, әсіресе БТА банк, оның мойнында тағы қаншама дүние бар. Міне, осы адам келеді де реформаның «басты ақылманы» болып тағайындалады».

Қажыгелдин сұхбатында Қазақстандағы қос билік жайлы да айтады. Тіпті, билікке былтыр келген Тоқаев аппараттағы адамдарды әлі зерттеп бола алмай жатыр. Оны зерттеп болмай ол ештеңе де істей алмайды. Егер, «зерттеу» тағы созыла берсе, кез келген уақытта орнына басқа адамды отырғыза салуы мүмкін деген пікір айтады. Ал, қуаяқтар Назарбаев арқылы шаруасын шешуге тырысады. Тіпті, дағдарыстан шығу туралы өз ұсыныстарын айтып, Назарбаевқа барушылар аз емес. Сөйтіп, бір күні Назарбаев «өзінің дағдарысқа қарсы бағдарламасын ұсына қойып, екінші президенттің игі мақсаттарын «жерлей» салу да ғажап емес».

Сұхбатта алда келе жатқан Парламент сайлауы туралы да сөз болады. Осылай жалғаса берсе, ондағы негізгі ұран – жерді шетелдіктерге мүлде жалға бермеу мен шетелге шығарылған ақшаларды қайтару болуы мүмкін. Мұны депутаттар мен халық көшеге шығып талап етеді. Өйткені, Ұлттық қорда билік айтып жүрген қаржы қалмаған.

«Ұлттық қорда біз естіп жүрген ақша баяғыда-ақ жоқ болған. Тоқаев бұл туралы біле ме? Күмәнім бар. Оған шынайы суретті көрсетуге үкіметтік экономистерінің де, одан тыс тұрғандардың да батылы жетпейді».

Қазақстанның экс-премьер-министрі, 1998 жылдан бері шетелде тұрып жатқан Қажыгелдин білгенді Тоқаев шынымен білмей ме? Әйтеуір, сұхбаттың соңында ендігі таңдау Тоқаевтың өзінде екенін тағы бір қайталап айтыпты.

Коллаж: Malim.kz

Байланысты жаналықтар

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

АҚШ пен Қытайдың салық келісімінен соң акциялар қымбаттады

13.05.2025

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025
MalimBlocks
Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

АҚШ пен Қытайдың салық келісімінен соң акциялар қымбаттады

Тізімде ең бірінші 8% өсіммен Amazon және Meta тұр

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды