Құл-Мұхаммед пен Шораев орыс, ал Федоров қазақ екен

Елнұр Бақытқызы

  • 22.12.2020

Ресей мемлекеттік думасының депутаты Евгений Федоров Қазақстанға қатысты тағы даулы мәлімдеме жасады. "Белрусинфо" Youtube-арнасына кезекті рет сұхбат берген ол бұл жолы Қазақстан халқын Ресей халқы, ал Қазақстанды сепаратистік аумақ деп атады.

"СССР туралы келісімшарт бойынша басқа совет республикаларынан жер алған мемлекеттер одақтан шықса, ол жерді қайтарып беруі керек. Қазақстан жерді басқа совет республикалардан жалға алған, яғни одақтан шықса, ол жерді қайтаруға тиіс болған. Қазақ азаматтары қол қойған қолхатта солай жазылған. Осы қолхатты бергенде қазақтар РСФСР азаматтарынан Қазақстан азаматтарына айналған. Ал СССР-ді құру туралы келісімге сәйкес, қолхаттағы дүниелер іске асса, қазақтар қайтадан РСФСР азаматтығына қайтып оралуы тиіс. Өйткені 1936 жылға дейін қазақтар РСФСР азаматтары болды ғой. Сондықтан Қазақстан азаматтарын Ресей азаматы болуға шақырамын. Ал аумақтық аспект туралы айтсақ, Қазақстанды Ресейге кіруге, яғни Ресей субъектісі ретінде қайтып оралуға шақырамын", - деді "Единая Россия" партиясының өкілі. Евгений Федоров

Оқи отырыңыз:

Ресей депутаты: «Егер сыйлық деп қабылдамасаңдар, қайтарыңдар»

Евгений Федоров Совет Одағы құрылғанға дейін Қазақстан болмады деп салды. "Совет Одағының келісімшартын тоқтату деген не? Ол бастапқы кезеңге қайтып оралу деген сөз. Ал 1922 жылы Қазақстан болмады. 1922 жылғы СССР-ды құру туралы келісімшартқа сәйкес, одақтан шыққан елдер немен кірсе, сонымен шығады. Ал Қазақстанның өзі де, бір милиметр жері де болған емес", - дейді ол.

Депутат Совет Одағы тарап кетсе де, оның жері қалды деп есептейді.

"Бұл жердің иесі – Ресей Федерациясы. Ал сіздер бұл жерді жалға алып отырсыздар. Совет Одағы өзінің өмір сүруін тоқтатты деген не сөз? Содан кейін ұрлық жасауға болады деген сөз бе? Әрі Совет Одағы неліктен өмір сүруін тоқтатты деп санайсыздар? Совет Одағының органдары: парламент, үкімет, жоғарғы сот өзінің қызметін тоқтатты және заңсыз түрде тоқтатты. Ал Совет Одағы өзінің өмір сүруін тоқтатқан жоқ. Тіпті одақтан барлық мүше шығып кеткен күннің өзінде ол нөл деңгейінде қалды. Совет Одағы кейін Совет халқының референдумдарында халықаралық одақ принципінен біртұтас мемлекет принципіне сай қайта жасақталды. Тіпті құрушылар Совет Одағынан алған қолдары арқылы не істей алатынын теориялық тұрғыдан елестетсек, ондай жағдайда статус-кво қалпына келуі керек. Яғни территорияны қайтару, процесті нөлге айналдыру", - деді депутат.

Евгений Федоровтың айтуынша, Қазақстанның аумақты СССР-ге қайтарып беруден басқа амалы жоқ. "Қазақстан 1992 жылы процесті нөлге айналдырмаған. Қазіргі жағдайда оның Ресеймен территория туралы келіссөз жүргізуге құқығы жоқ. Сондықтан жерді РСФСР-ге қайтарып бергеннен басқа амалы жоқ. Бірақ біз оның СССР-ге қайтарып беруіне де келісеміз. Сондықтан сіздер не аумақты 100 пайыз халықпен қайтарасыздар, олар РСФСР азаматтары болады немесе Тоқаев пен коллаборционист сыртқы істер министрлігін қуып шығыңыздар", - деді ол.

Оқи отырыңыз:

Досым Сәтпаев: Никонов пен Федоров Путиннің ойын жеткізіп тұр

Сенат депутаты Мұхтар Құл-Мұхамед пен қоғам белсендісі Арман Шораевтың уәждеріне жауап берген Евгений Федоров "Қазақстан да, оның бүкіл қалалары да Ресей Федерациясының субъектісі болған" деп салды. "Орынбор Қазақстандікі болды дейді. Шын мәнінде, Орынбор да, Алматы да, Қызылорда да РФ субъектісі, Ресейге тиесілі болған. Қазақтардың жер бетінде жүргеніне мың жыл болды дейді. Ресей Федерациясы жер бетінде мың жыл өмір сүріп жатқан ұлттардан тұрады. Американдық медиамагнат, олигарх та, депутат та менімен сөйлескісі келмейді, менен қорқады. Өйткені менің аргументтерім эмоционалды емес. Құжаттарды, қолхаттарды көрсетемін. Қарызды қалай қайтарасыңдар деп сұраймын. Олар сияқты бейәдеп сөз айтпаймын".

Қызығы, Евгений Федоров сұхбатта өзін "қазақпын" деп атады.

"Мен қазақпын, өйткені орыс халқына жатамын. Оған қазақтар, башқұрттар, күрдтер, татарлар мен өзге ұлттар кіреді. Русь 140 ұлттан құралды. Сондықтан біз қазақ лигасының мұрагерлеріміз. Біз біртұтас Отанды қалпына келтіруді қолдаймыз. Яғни Қазақстанды өз халқымыз деп қарастырамыз", - дейді ол.

БҰҰ жарғысы бойынша, әр ұлттың өзін-өзі айқындауға құқығы бар дегенге тоқталған депутат өзін-өзі айқындығысы келген ұлт оны соғыс арқылы іске асыруы керек дейді.

"Қандай да бір ұлт өзін-өзі айқындағысы келсе, дүниежүзілік соғысты күтіп, соғыста одақтастар жинап, әскери, соғыс жолымен өзін-өзі айқындауы керек. Адамзат тарихындағы бірде-бір ұлт басқаша жолмен өзін-өзі айқындаған емес. Ұлттың өзін-өзі айқындауы Назарбаев немесе Тоқаевтың тілегімен емес, ұлттық күштердің күресімен  іске асады. Қазақтың ұлттық күштері күресті ме? Күресті, тіпті Отаны үшін қаза тапты. Бірақ қай ұлт үшін күресіп қаза тапты? Мәскеу түбінде Брестен Владивостокқа дейінгі жерлер үшін. Бірде-бір қазақ Қазақстанның сепаратистік аумағы үшін қаза таппады".

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі бұған дейін Ресей думасының тағы бір депутаты Вячеслав Никоновтың "Қазақстан территориясы Ресей мен Совет одағының берген үлкен сыйлығы" деген мәлімдемесінен кейін Ресейдің уақытша сенімді өкіліне нота табыстаумен шектелді.  Ал бірақ Федоровтың бұған дейінгі және соңғы мәлімдемесінен кейін ешқандай реакция танытпады.

Сыртқы істер министрлігі Евгений Федоровтың мәлімдемесіне жауап беретінін-бермейтінін білу үшін Malim.kz министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровқа түске дейін де, түстен кейін де бірнеше рет телефон шалғанымен, ол телефон тұтқасын көтермеді. А.Смадияров бұл мәселе бойынша мессенджерге жолдаған хатымызды көргенімен, оны жауапсыз қалдырды.

 Оқи отырыңыз: Новая газета: Қазақстанға соғыс ашу өз-өзіңе қол жұмсаумен бірдей

Байланысты жаналықтар

Дос Көшім: Қазақ жерін өзінен басқа ешкім қорғамайды

24.12.2020

"Путиннің ұстанымын айттым. Қазаққа жерді сыйға бердік"

29.12.2020

Мұхтар Тайжан: Алауыздық тудырған телеарна жабылсын

24.12.2020

Ресейдің Қазақстанға саясаты өзгерді

23.12.2020

Абзал Құспан Шораевтан жала жапқаны үшін кешірім сұрады

17.06.2020

Тайжан: Ұлттық сенім кеңесінен өткір мәлімдеме күтпеңіздер

20.04.2020
MalimBlocks
Дос Көшім: Қазақ жерін өзінен басқа ешкім қорғамайды

"Путиннің ұстанымын айттым. Қазаққа жерді сыйға бердік"

Мұхтар Тайжан: Алауыздық тудырған телеарна жабылсын

Ресейдің Қазақстанға саясаты өзгерді

Абзал Құспан Шораевтан жала жапқаны үшін кешірім сұрады

Тайжан: Ұлттық сенім кеңесінен өткір мәлімдеме күтпеңіздер