Тоқаев көкөністер неге қымбаттағанын айтты

Malim Админ

  • 10.07.2021

Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев көкөністер бағасының қымбаттағанына тоқталды. Президенттің айтуынша, ішкі нарықты негізгі өнімдермен қамти алмағаны үшін қазақстандықтардың отандық ауыл шаруашылығын сынауы орынды.

Тоқаев нарықта өндірушілер мен тұтынушылар арасында делдалдар тым көп екенін айтты.

"Өндіріс шығынынан бөлек бағаға маусымдық фактор және ашық емес делдал жүйесі әсер етіп жатыр. Маусымдық жеткізу аты айтып тұрғандай алдын ала белгілі және болжауға болатын дүние, сондықтан оны басқаруға болады. Мәселені шешу үшін келесі маусымға дейін өнімді сақтайтын заманауи әрі қолжетімді инфрақұрылым құру керек. Көкөністерді сақтау қоймаларын салу мен жаңарту тапсырмасы бірнеше рет берілді. Өкінішке қарай, жағдай өзгермеді", - деді президент.

Тоқаев үкіметтің қолға алған шаралары әлеуметтік маңызды азық-түлік бағасын ұстап тұру үшін жеткіліксіз екенін айтты.

"Жергілікті бюджеттен сауда желілері азық-түлік тауарларын төмен бағамен сатуы үшін 30 миллиард теңге тегін заем бөлінген. Қазіргі жағдайда бұл жаман емес. Бірақ оның нарыққа әсер небәрі 1-4 пайыз шамасында.  Аймақтардағы тұрақтандыру қорларының әсері де үлкен емес. Тұрақтандыру қорынан алынған өнімнің нарықтағы үлесі 4 пайыз ғана. Шаруалардың өзінен тікелей өнім сатып алу инструменті жеткілікті дәрежеде қолға алынбаған. Әкімдер баға өсіміне "түкіргенім бар" деп қарамай, аймақтағы жауапкершілік өз мойындарында екенін түсінуі керек", - деді Тоқаев.

Тоқаев бағаны өсіріп жүрген делдалдарға да тоқталды.

"Бұған дейін де арада тым көп, жұмысы ашық емес делдалдар жүргенін айттым. Саудадағы әділетті делдалдық – экономиканың ажырамас бөлігі. Бірақ делдалдар нарықты өзіне ыңғайлап, өнім өндіруші мен тұтынушы есебінен шектен көп пайда тауып жүргеніне жол берілмеуі керек. Көп ретте жергілікті атқарушы билік мұндай ашық емес, әбден орнығып қалған жүйемен күресе алмай жүр. Аймақтарда делдал жүйелерін анықтайтын комиссия құру керек. Бұл жұмысқа қаржы мониторингі агенттігі де қатысуы керек. Олар баға қалай қалыптасатынын анықтап, есеп беруі тиіс", - деді Тоқаев.

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады