Тұрсынбек Қабатов:«Бізде сыншылар көп, бірақ ешбірі көмектеспейді»

Malim Админ

  • 23.12.2020

Маңғыстау облысында Nur Otan Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен белгілі сатирик Тұрсынбек Қабатов жастармен кездесіп, оларды ұлтжанды және қоғамда белсенді болуға шақырыпты.

Сатирик Тұрсынбек Қабатов қазақ қоғамында бірін-бірі жөн-жосықсыз сынаушылардың барына налитынын айтыпты.

«Қазақтар үй салғанда ешкім келіп көмектеспейді, салып болған соң ғана сынаушылар көбейеді. Шатырын темірмен жабу керек еді, есігін арғы жақтан шығару керек еді деп сынап кетеді. Бірақ, соларды үй салып жатқан кезде таппайсың. Сол секілді Елбасы тоқсаныншы жылдары мемлекетті аяққа тұрғызып жатқанда оған көмектескендер аз болды. Енді шекараны бекітіп берген соң есігін басқа жақтан шығару керек еді дейтіндер көбейді», - депті  Т.Қабатов.

Ол жастарды бір күндік өмір үшін емес, ел болашағы үшін аянбай еңбек етуге шақырыпты.

«Қазір жастардың арасында өмірдің мәнін тамақ ішіп, киім киіп, жүрген-тұрғаныңды әлеуметтік желіге жүктеумен шатастыратындар көп. Кешке үйге келеді де, үлкен жұмыс тындырғандай отырады. Ал, сіздер елдегі осындай үлкен іс-шараларға қазірден араласып жатырсыздар. Мұның бәрі елдің болашағы үшін», - деп белсенді жастарды қанаттандырыпты.

Оның пікірінше, Қазақстанда жұмыс істеймін деген кез келген адамның екі қолына бір күрек табылады. Ал, жалқау адамның алдына жұмысты дайындап арасаң да істемейді.

«Қазір елдің болашағына сенбейтін жастар бар. Елдің болашағына сенбейтін адам – өзіне сенбейтін адам. Сіздердің осылай болашаққа сенім артқандарыңыз қуантады. Жүрегіміз отан деп тұрсын», - деп сөзін түйіндепті сатирик.

Байланысты жаналықтар

Жаңа депутаттарды Шөкеевтің туыстары күтеді

13.01.2021

ОСК аутсайдер партиялардың ресми тізімін жариялады

12.01.2021

Оппозиция қатыспаған сайлаудың өзі әділетті өткен жоқ

11.01.2021

"Орын жоқ, дәлізде тұрыңдар". Тәуелсіз бақылаушыларға кедергі жасалды

10.01.2021

«Nur Otan» сайлауалды бағдарламасын насихаттауда

04.01.2021

Байқаушыларға қажетті жағдай жасалған

04.01.2021
MalimBlocks
Жаңа депутаттарды Шөкеевтің туыстары күтеді

ОСК аутсайдер партиялардың ресми тізімін жариялады

Оппозиция қатыспаған сайлаудың өзі әділетті өткен жоқ

"Орын жоқ, дәлізде тұрыңдар". Тәуелсіз бақылаушыларға кедергі жасалды

«Nur Otan» сайлауалды бағдарламасын насихаттауда

Байқаушыларға қажетті жағдай жасалған