Ресей президент Владимир Путин Украинадағы соғысты тоқтатуға бағытталған АҚШ-тың бірқатар ұсыныстарын қабылдап, кейбірін қабылдамағанын, бірақ Ресей америкалық келіссөз жүргізушілермен келісімге қол жеткізу үшін кездесуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы батыс және ресейлік БАҚ жазды, деп хабарлайды Malim.kz.
Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Мәскеуде Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф және оның күйеу баласы Джаред Кушнер арасындағы келіссөздер сәрсенбі таңына дейін созылған.
Песковтың сөзінше, әзірге ешқандай компромисс табылған жоқ. «Путин АҚШ ұсыныстарын қабылдамады деп айту дұрыс па?» деген сұраққа ол теріс жауап берген.
«Кеше алғашқы рет тікелей пікір алмасу өтті. Бір нәрсе қабылданды, бір нәрсе қабылданбайтын деп танылды — бұл компромисс іздеудің қалыпты жұмыс процесі», — деді Песков.
Ол Ресей Трамптың күш-жігерін бағалайтынын, алайда Кремль АҚШ-пен келіссөздерді жария түрде түсіндіруге ниетті емес екенін, себебі мұндай ашықтықтың конструктивті болуы екіталай екенін атап өтті.