freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда несие жүктемесі жоғары: халықтың 70%-дан астамы қарызға батқан

Экономика
Қазақстанда несие жүктемесі жоғары: халықтың 70%-дан астамы қарызға батқан
Коллаж: egemen.kz

Demoscope Қоғамдық пікірді жедел мониторингтеу бюросы жүргізген сауалнамаға сәйкес, Қазақстандағы қарыз алушылардың 46,7%-ы ай сайынғы табысының жартысынан көбін несие төлемдеріне жұмсайды. Зерттеу 2026 жылғы 10–23 мамыр аралығында өткізіліп, ел тұрғындарының несие жүктемесі жоғары екенін көрсетті. Бұл туралы Qaz365.kz-ке сілтеме жасаған Malim.kz хабарлайды.

Сауалнама нәтижесіне сай, респонденттердің 72,7%-ында несие немесе қарыз бар. Олардың 39,7%-ы бір несие алса, 33%-ы бірнеше несиеге ие. Қарыз алмағандар үлесі 27% болып отыр. Несие түрлері ішінде тұтынушылық несие 70,4%-бен ең кең таралған. Сондай-ақ 45,7% азамат бөліп төлеу жүйесін қолданады, 22,1%-ы туыстарынан, достарынан немесе ломбардтардан қарыз алады. Автокредит 14,4%, ал ипотека 13% деңгейінде тіркелген.

Зерттеу қарыз жүктемесінің айтарлықтай екенін де көрсеткен: респонденттердің 46,7%-ы табысының 50%-ынан астамын несие төлеміне жұмсайды. 24,5%-ы табысының 25–50% аралығын, ал 20,3%-ы 25%-дан аз бөлігін қарыз өтеуге бағыттайды.

Бұған дейін қаржы реттеуші органдар несие беру талаптарын қатаңдату шараларын күшейткен. 1 шілдеден бастап несие беру кезінде қарыз жүктемесі мен табыс арақатынасы көрсеткіштері есепке алынады. Сонымен бірге, кепілсіз тұтынушылық несиелерге шектеулер енгізіліп, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі төмендетілді. Ұлттық банк Қазақстан Ұлттық банкі банктер үшін контрциклдік буфер капиталын 2% деңгейінде енгізіп, оны 2026 жылғы 1 сәуірге дейін толық қалыптастыруды талап еткен.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу