Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанға сес көрсеткен журналист комада жатыр

Әлем •
Қазақстанға сес көрсеткен журналист комада жатыр

Ресейдің пропагандист журналисі Тигран Кеосаян клиникалық өлімді бастан өткеріп, қазір комада жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Кеосаянның әйелі Маргарита Симоньян телеграм-каналында жазды. БАҚ-та тараған ақпарат бойынша, 59 жастағы Кеосаянның жағдайы «өте ауыр». Ал радиожүргізуші Никита Небылицкийдің айтуынша, оған тіпті дін қызметкерлері екі рет келген: алдымен православиелік, содан кейін армян-грегориандық.

Естеріңізде болса, 2022 жылы Қазақстан Жеңіс күніне парад өткізуден бас тартқанда, Кеосаян YouTube-арнасында видео жариялап, елімізге қарата «Украинаға қараңдар, дұрыстап ойланыңдар. Біздің жауапты адамдар Қазақстанмен қарым-қатынас деңгейін қайта қарауы керек» деп сес көрсеткен. Оның бұл сөздері біздің қоғамда қызу талқыланып, кейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Кеосаянды «елге келуге тыйым салынғандардың» тізіміне қосқан.

Фото: Вячеслав Прокофьев / ТАСС

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу