Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресей АҚШ-тан басқа ешкіммен келіссөз жүргізіп жатқан жоқ – Ушаков

Әлем
Ресей АҚШ-тан басқа ешкіммен келіссөз жүргізіп жатқан жоқ – Ушаков
Фото: Reuters

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков АҚШ президентінің өкілдері Стив Уиткофф және Джаред Кушнермен өткен келіссөздерге қатысқаннан кейін жиын қорытындыларына түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz ВВС-ге сілтеме жасап.

Ресейлік ақпарат агенттіктері келтірген Ушаковтың негізгі тезистері төмендегідей:

  • Ресей Украина мәселесі бойынша қазіргі уақытта АҚШ-пен ғана келіссөз жүргізіп жатыр;
  • Уиткофф және Кушнермен өткен кездесуде Украинаның НАТО-ға мүшелігі талқыланды;
  • АҚШ реттеу мәселесінде Ресейдің ұстанымдарын ескеруге дайын;
  • Келіссөздер барысына ресейлік армияның майдандағы жетістіктері әсер еткен;
  • Кремль Уиткофф пен Кушнермен кездесуді пайдалы деп бағалады;
  • Еуропалық мемлекеттер Ресеймен байланыс орнатудан бас тартып отыр.

Ушаковтың айтуынша, америкалық делегациямен өзара келісім бойынша келіссөздердің егжей-тегжейі жария етілмейді. Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та осыны айтқан болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу