Димаш Құдайберген туралы әлемнің ең танымал басылымы мақала жариялады

Арман Қайыпхан

  • 20.02.2025

Ең танымал басылымдардың бірі ROLLING STONE Димаш Құдайберген туралы мақала жариялады, деп хабарлайды Malim.kz Dimashnews сайтына сілтеме жасап.

Мақала авторы 2024 жылдың қараша айында Дубайда өткен беделді халықаралық Arab Festivals Awards (DIAFA) марапаттау рәсімі туралы баяндап, оның лауреаттары арасында танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген де болғаны туралы жазған.

ROLLING STONE – музыка мен поп-мәдениетке арналған американдық журнал. 1967 жылы Сан-Францискода негізі қаланған.

Димаштың БАӘ-дегі жұмысына арналған мақала ROLLING STONE MENA (Таяу Шығыс және Солтүстік Африка) басылымында жарияланды, ол Таяу Шығыс пен Солтүстік Африканың жиырмадан астам елін қамтиды.

Сондай-ақ, ақпан айында SPIN атты Американдық музыкалық журналында Димаш туралы: «Димаш Құдайберген: Париждегі музыка, өнер және сән салтанаты» атты мақала шықты.

Басылым Димаштың Париждегі Alpange музыкалық салонына эксклюзивті сапары туралы жеке тоқталып, онда қазақстандық музыкант Француз пианисті Ван Туанмен бірге «SOS d’un Terrien en Détresse» композициясы мен Димаштың алдағы «Love’s Not Over Yet» премьерасының анонсы туралы жазған.

Сондай-ақ бүгін Сенат қабырғасында Димашты көрген журналистер аң-таң болып, министрлер мен депутаттарға қоямыз деген сұрақтарын ұмытып кеткен видеолар тарап жатыр әлеуметтік желілерде. 

Фото: dimashnews.com

Байланысты жаналықтар

«Алатау серілері» тобы мұғалімдерге күштеп билет сатып жатыр - Дәулет Мұқаев

16.04.2025

«Тойымды ішіп алып жүргізді»: желіде Нұржан Төлендиевтің менмендігі сөз болды

16.04.2025

«Сембек екеумізге арнап жазылған»: Мақпал Жүнісова хит әннің шығу тарихын айтып берді

15.04.2025

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

15.04.2025

«Жоспарды өзгерттік»: Ерке Есмахан жыл тойын кейінге қалдырғанын айтты

15.04.2025

«Мен мінген тікұшақтың бірі құлады»: Балжан Бидаш Нью-Йорктегі апаттан соң пікір білдірді

14.04.2025
MalimBlocks
«Алатау серілері» тобы мұғалімдерге күштеп билет сатып жатыр - Дәулет Мұқаев

Алматылық оқытушылардың бірі депутатқа хат жазып, жағдайды баяндаған

«Тойымды ішіп алып жүргізді»: желіде Нұржан Төлендиевтің менмендігі сөз болды

Көпшілікке оның өзін-өзі ұстауы ұнамаған.

«Сембек екеумізге арнап жазылған»: Мақпал Жүнісова хит әннің шығу тарихын айтып берді

Бұл туынды алғаш рет 1983 жылы орындалған.

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

Актриса 37 жасқа толды.

«Жоспарды өзгерттік»: Ерке Есмахан жыл тойын кейінге қалдырғанын айтты

Өнер иесі дүркіретіп той жасаймын деген еді.

«Мен мінген тікұшақтың бірі құлады»: Балжан Бидаш Нью-Йорктегі апаттан соң пікір білдірді

Ол тыңдарманына алғысын жеткізді.