Ақшаңызды қымқырып кеткісі келетіндердің тізімі шықты

  • 07.10.2021

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қызметінде заңсыздық белгілері бар ұйымдардың тізімін жариялады. 

Тізімге агенттік қызметінде заң бұзу белгілерін байқаған 121 субъект, оның ішінде қаржы пирамидасының нышаны бар 56 ұйым және 65 заңсыз инвестициялық делдал (жалған брокер) енгізілген. Мұнда елді алдауы әбден ықтимал әрбір компания бойынша атауы, сайт мекенжайы, заңсыз қызмет сипаты көрсетілген. 

«Тізімді жариялау қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған және осындай компанияларға байланысты тәуекелдердің уақтылы алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге осындай тізімді қалыптастыру нарықтағы әділ бәсекелестікті қолдауды және заңсыз қызмет белгілері бар субъектілерді тиімді түрде анықтауды қамтамасыз етеді», - дейді құзырлы мекеме өкілдері.

Агенттік қаржы нарығына заңсыз қатысушыларды интернеттегі ақпараттық кеңістікті, блогтар, форумдар, бейнехостингтер және мессенджерлер арқылы әлеуметтік желілерді мониторингтеу; жеке және заңды тұлғалардың өтініштері; азаматтық қоғам институттарын білдіретін мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл шеңберінде анықтаған. Ағымдағы жылдың басынан бастап агенттікке күмәнді компаниялардың қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалардан 125 өтініш келіп түскені мәлім болуда.

Нәтижесінде күдікті компаниялар туралы тиісті тараптар құлағдар етіліп, сайттарын одан әрі тексеру және бұғаттау үшін құқық қорғау және басқа да уәкілетті органдармен бірлесе әрекет жасалмақ.

Ақшаңызды қымқырып кеткісі келетін қаржы ұйымдарының тізімі осы сілтемеде. 

Тәңірберген АРҒЫН

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін