Денис Теннің өліміне қатысы бар адам бостандыққа шықты

Бағашар Тұрсынбайұлы

  • 06.01.2021

2014 жылғы қысқы Олимпиаданың қола жүлдегері, Әлем чемионатының күміс жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысы болған  Жанар Толыбаева бостандыққа шықты. Жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеуге ауыстырылды.

Жанар Толыбаеваның қаңтарда Қылмыстық кодекстің 73-бабы негізінде жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы өтініш бергені белгілі болды.

"Алматы облысы Іле аудандық сотының 2020 жылғы 6 қаңтардағы қаулысы бойынша бұл өтініш қанағаттандырылды. Жазаны өтеуді бақылау процесі пробация қызметіне жүктелді", - делінген хабарламада.

Жанар Толыбаева 2019 жылы 17 қаңтарда 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сол жылдың наурыз айында Алматы колониясында босанған еді.

Оқи отырыңыз: Денис Теннің қазасына екі жыл толды. Не өзгерді?

2018 жылы 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен еді. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын анықтады. Спортшы ұрылардың үстінен түсіп, ұрылар спортшының аяғына пышақ салып, соның салдарынан ауруханада қайтыс болған еді.

Байланысты жаналықтар

Алматы облысындағы оқушының өлімі: ІІМ оқиғаның мән-жайын айтты

28.05.2025

Алматының жаңа әкімі тұрғындарға үн қатты

27.05.2025

Ұн цехындағы жарылыстан 1 адам қаза тапты

26.05.2025

Президент Алматының жаңадан тағайындалған әкімін қабылдады

26.05.2025

Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметінен кетеді

23.05.2025

Олжас Бектенов Алматы тау кластері аумағын тікұшақпен аралап көрді

23.05.2025
MalimBlocks