Жаңа жылда кімдердің жалақысы көтерілетіні белгілі болды

Айшолпан КЕРІМ

  • 24.12.2021

2022 жылдан бастап елімізде бірқатар мамандық иелерінің жалақысы көтеріледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде хабарлады.

Ведомство мәліметінше, жаңа жылдан бастап табысы артатын қызметкерлер тізімі келесідей: мұрағатшылар, кітапханашылар, музейтанушылар, орманшылар, техникалық қызметкерлер және т.б.

Сондай-ақ, ведомствода 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі 60 мың теңгеге көтерілетінін еске салды. 

Айта кетейік, қыркүйек айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан минималды жалақы бойынша ТМД елдерінен қалып қойғанын айтып, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін көтеруді тапсырған еді.

"Ең төменгі жалақыны қайта қарайтын уақыт келді. Елімізде ең төменгі жалақы 2018 жылдан бері көтерілген жоқ. Әлемдік коронадағдарыс халықтың табысына да әсер етті. Бұдан бөлек, минималды жалақы мөлшері жағынан Қазақстан ТМД-ның бірқатар елінен қалып қойды", - деді Мемлекет басшысы парламент палаталарының бірлескен отырысында.

 

Оқи отырыңыз: Қоғам үшін қолайсыз адамбыз - семіздік сергелдеңі

Байланысты жаналықтар

Төменгі жалақыны көтеру үшін петицияға қол жиналмақ

05.10.2021

Төменгі жалақы 18 мыңға өседі

01.09.2021

Нұрымбетов 42500 теңгені кімдер алмайтынын айтты

16.07.2020
MalimBlocks
Төменгі жалақыны көтеру үшін петицияға қол жиналмақ

Төменгі жалақы 18 мыңға өседі

Нұрымбетов 42500 теңгені кімдер алмайтынын айтты