Еуро-2024. Қазақстан алғашқы ойынды жеңіліспен бастады

Келесі қарсылас кім?

Malim Админ

  • 24.03.2023

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысындағы алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Словениядан ұтылып қалды. 

Кездесуді словениялық құрама қарқынды бастаған болатын. Алғашқы минуттарда алаң иелері қақпасы маңында жиі бой көрсетті.Оған қазақстандық футболшылар лайықты қарсылық көрсетті. Доп қақпаға енген жоқ.

Есесіне алаң иелері қатарынан Максим Самородов 24-минутта сол қанаттан Ян Вороговскийдің әуелете берген добын баспен қақпаға кіргізді.  Екінші кезеңде словениялық футболшылар таразы басын теңестіруге талпынып бақты.

Нәтижесінде 47-минутта Давид Брекало көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Ал 78-минутта Жан Випотник Словенияны алға сүйреді.

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласына 1:2 есебімен жол берді.

Енді Қазақстан құрамасы алдағы ойынын 26 наурызда елордада Дания құрамасына қарсы өткізеді. Бұл  топта  Дания - Финляндия, Сан-Марино - Солтүстік Ирландия құрамалары шеберлік байқасады.

Ел құрамасы құрлықтық додада H тобында бәсекеге түседі. Қарсыластары - Дания, Словения, Финляндия, Солтүстік Ирландия және Сан-Марино. 

Фото: Sports.kz   

Байланысты жаналықтар

Әлемдегі ең бақытты қала аталды

09.05.2025

Криштиану Роналдуның ұлы да Португалия құрамасына шақырту алды

06.05.2025

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

01.05.2025

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

30.04.2025

Қазақ футболын сынаған Самат Смақов ойындардан шеттетілді

24.04.2025

Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

21.04.2025
MalimBlocks
Әлемдегі ең бақытты қала аталды

Әлемдегі ең бақытты қалалардың рейтингі жарияланды

Криштиану Роналдуның ұлы да Португалия құрамасына шақырту алды

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

Таныстырылымға облыс әкімі Берік Уәли қатысты

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

Қазақ футболын сынаған Самат Смақов ойындардан шеттетілді

Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Моңғолия, Шри-Ланка және Даниядағы елшілерін тағайындады