IBA өзбек боксшыларына қарсы жекпе-жектердегі төрешілер шешімін қайта тексереді

Арман Қайыпхан

  • 23.12.2024

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) 2024 жылғы Азия чемпионатындағы төрешілікке қатысты даулы жағдайларды тергеуге ресми түрде кірісті, деп хабарлайды Malim.kz.

28 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Таиландтың Чиангмай қаласында өткен бұл жарыс барысында төрешілікке қатысты шағымдар айтылып, жарыстың әділдігіне қатысты елеулі күмәндер туындаған еді.

Inside the Games мәліметі бойынша, айыптаулар өзбек боксшыларына жасалған шешімдерге байланысты, бұл жағдайды IBA қазір мұқият зерттеуді бастаған.

Оның алғашқысы Абылайхан Жүсіпов пен өзбек Хавасбек Асадуллаев арасындағы жекпе-жек болды. Жұдырықтасу кезінде қарсыласы отандасымызды тістеп алған еді. Ол сәтте төрешілер елемеген болатын. Кейіннен Қазақстан бокс федерациясының шағымынан кейін техникалық делегат Сэйди Даффи істі қайта қарап, Асадуллаевты ережені бұзғаны үшін жарыстан шеттетіп, алтын медаль отандасымызға берілді.

Фото: ҰОК

Байланысты жаналықтар

Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында 10 алтын медаль жеңіп алды

22.05.2025

"Жеңіс" клубының директоры Тимур Турсумбаев жаңа қызметке тағайындалды

22.05.2025

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып Әли Әлиев тағайындалды

21.05.2025

Әлемдегі ең үздік футболшы аталды

21.05.2025

Азия чемпионаты: Қазақстандық 11 боксшы алтынға таласады

20.05.2025

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025
MalimBlocks