М.Әйтенов: Наурыз халықаралық деңгейдегі мерекеге айналады

Malim Админ

  • 17.03.2021

Шымкент қаласында «Наурыз: жаңа арман, жаңа үміттер» атты іс-шара өтті. Бұл шара Көрісу күніне орай ұйымдастырылып, онда мерекенің мәні мен мағынасы жайлы сөз болды. Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында ұйымдастырылған мерекелік кешке қала әкімі Мұрат Әйтенов, зиялы қауым мен қоғамдық ұйым өкілдері, қала тұрғындар қастысты.

«Қыстан аман-есен шыққан ағайын бір-біріне қонаққа барып, хал-жағдай сұрасып, бір-бірімен көріскен екен. Бұл дәстүр Қазақстанның батыс аймақтарында жақсы сақталған. Биыл елімізде Наурыз мейрамын атап өтудің концепциясы әзірленіп, мерекені 14 наурыздан 24 наурызға дейін, 10 күн қатарынан атап өтеміз. Қазақстандағы ең жылы қала – шырайлы Шымкентіміз биылғы Наурызға ерекше дайындалуда. «Наурыз Шымкенттен басталады» ұранының аясында бұл мерекені жылда жоғары деңгейде өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді қала мәдениетін республикалық деңгейге көтеру крек деп жиі айтып жүрген қала әкімі.

Әкімнің айтуынша, әкімдік алдында Наурызды Шымкентте халықаралық деңгейде жыл сайын атап өтілетін, оған әлемнен туристер ағылатын мерекеге айналдыру мақсаты тұр. Кеш барысында Наурыз туралы деректі фильм көрсетіліп, «Көрісу» атты театрландырылған көрініс қойылды. Мерекелік жиынның соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды