Мұхтар Мағауиннің жастарға хаты

Malim Админ

  • 03.02.2020

2006 жылдан бері шет елде тұрып жатқан халық жазушысы Мұхтар Мағауин жас әдебиетшілер Бағашар Тұрсынбайұлы мен Алмас Нүсіпке арнайы хат жазып, жазуға, шығармашылыққа байланысты бірқатар кеңестер берген. Бұл 2019 жылы – Бағашар мен Алмас  «Жас Алаш» газетінде істеп жүрген кез. Хаттың жазылу мәні – редакция атынан ақсақалдың бірқатар мақалаларын (жазылған, енді жазылмақ) газет пен оның сайтында жариялауға рұқсат сұраудан басталды. Алдымен жазушының ұлы Едіге Мағауин әкесінің «Аңыз адам» журналына берген сұхбатының толық нұсқасын жариялауға рұқсат алып берген: «ЕШ ӨЗГЕРІССІЗ, ҚЫСҚАРТУСЫЗ БАСЫЛУЫ ШАРТ!»

Әрине, АҚШ-та тұрып жатқан талғампаз, кірпияз жазушыдан хат алу – кім үшін болса да зор мәртебе. Бұдан кейін де кеңесу жөнінен бірнеше рет хат алмасу болды. Дегенмен, алғашқысын ғана оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік. Бұл хат тек екі адамға емес, жалпы әдебиетші болмақ жастарға айтылған ортақ кеңес деп есептейміз.

Бас фото: Magauin.com

Байланысты жаналықтар

ОРАЛХАНДЫ ДА, ҚҰДАЙЫҢДЫ ДА ҰМЫТҚАН ЕКЕНСІҢ... яғни, Д.Исабековты тәубаға түсіру рәсімі

03.12.2022

Алматы. "Қуатты өңірлер" бірнеше бағытта дамиды

21.09.2022

Қазақ әдебиетіндегі террор. Әукебаев, Момышұлы, Есенберлин... 

29.06.2022

Тарысы піскеннің тауығы: Боранбаев «асыраған» әртістер

09.04.2022

М.Мағауиннің «Көк мұнар» романы туралы бірер сөз

12.08.2021

Мұхтар Мағауин. Қазақтың қырғыз руы

20.07.2021
MalimBlocks
ОРАЛХАНДЫ ДА, ҚҰДАЙЫҢДЫ ДА ҰМЫТҚАН ЕКЕНСІҢ... яғни, Д.Исабековты тәубаға түсіру рәсімі

Республика президентінің қолынан биік марапат алып, желі көтеріліп тұрған Д.Исабеков, мына біз сияқты пендесіне көңіл бөліп, «Мұхтар Мағауиннің бүкіл позициясы маған ұнамайды» деген түйінді тақырыппен сұхбат беріпті – Nege.kz, 10.ХІ.2022. Бір заманда таныған, білген, енді көзден таса, көңілден өшкен жазарманның, тәрізі, қырық-елу жыл бойы іште булыққан жүрекжарды толғамы. Жарыққа шыққан кезде біз тарихи-танымдық «Алтын Орда» кітабын дендеп, қажетті тынысқа Эрнест Хемингуэйдің ескі жұрты – жылы теңізге бет түзеген едік. Енді міне, екі аптадан асқанда қайрылып соғуға мүмкіндік таптық. Артықша қажеттіліктен емес, әлдебір әуесқой ағайындар дүддәмалда қалмасын деп.

Алматы. "Қуатты өңірлер" бірнеше бағытта дамиды

Қазақ әдебиетіндегі террор. Әукебаев, Момышұлы, Есенберлин... 

Әбділдә Тәжібаев еңкілдеп жылайды

Тарысы піскеннің тауығы: Боранбаев «асыраған» әртістер

Олар Қайратты «Құдай берген таланттың ұшқынын көруші» дейді.

М.Мағауиннің «Көк мұнар» романы туралы бірер сөз

Мұхтар Мағауин. Қазақтың қырғыз руы

Тарихи дәйектеме