Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Сабина Асқарқызы

  • 13.04.2025

2025 жылғы 4–14 сәуір аралығында Сербияның Златибор қаласында өткен ISF U-15 Жазғы мектеп гимназиадасында Қазақстан құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді - жас спортшыларымыз 11 медаль жеңіп алып, рекорд орнатты, деп хабарлайды  Malim.kz.

ISF U-15 дегеніміз - 13 пен 15 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арналған әлемдегі ең ірі халықаралық спорттық дода. Биылғы жарысқа 65-тен астам елден 3000-ға жуық қатысушы жиналды.

Қазақстан құрамасының сапында ел намысын 23 оқушы қорғады. Олар республикалық іріктеуден өтіп, дзюдо, еркін күрес, бокс және шахмат секілді төрт спорт түрінен сынға түсті.

Бокс жарысында Айбек Садық, Шыңғысхан Макаров, Нұртас Алимбай, Сайлауқазы Сымбат және Нұрболат Әмір алтын жүлдені жеңіп алды. Ал Алихан Смағұл қола медаль иегері атанды.

Дзюдо бойынша Бақдәулет Серікәлі алтын жүлдені қанжығаласа, Ерасыл Қалмаханбет қола медаль алды.

Еркін күресте де отандастарымыз табандылық танытты: Висхан Арашов – күміс, Мансұр Ақылбай мен Нұрқожа Қалыбек – қола жүлде жеңіп алды.

Шахмат жарысында Олтинай Алғаппарова мен Жанат Нұрым жоғары деңгейдегі спорттық мәдениетті көрсетіп, әділ ойын қағидаларын ұстанғаны үшін Халықаралық адал ойын комитетінің арнайы марапатына ие болды.

Айта кетейік, Қазақстан бұл беделді жарысқа 2022 жылдан бастап қатысып келеді. Аз ғана уақыт ішінде еліміздің жасөспірімдер құрамасы халықаралық аренада болашағынан зор үміт күттіретін команда ретінде мойындалды.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Байланысты жаналықтар

Ресейдегі турнирде Сәкен Бибосынов чемпион атанды

19.04.2025

Самбодан Азия чемпионаты: Кадеттер арасында Қазақстан құрамасы бірінші орын иеленді

19.04.2025

Келесі жылдан бастап жаттықтырушыларға 30 пайыз үстемеақы қосылады

19.04.2025

Милад Карими Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды

18.04.2025

Геннадий Головкинге ерекше атақ берілді

18.04.2025

Жәнібек Әлімханұлы: Ол менен қорқады

17.04.2025
MalimBlocks
Ресейдегі турнирде Сәкен Бибосынов чемпион атанды

Боксшы финалда ресейлік Денис Палшинмен қолғап түйістірді

Самбодан Азия чемпионаты: Кадеттер арасында Қазақстан құрамасы бірінші орын иеленді

Қыздардан Бақнұр Әбдешова (41 кг), Зере Талғатқызы (44 кг), Қаншайым Тұрдыбай (54 кг), Аружан Дауымбаева (65 кг) қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды

Келесі жылдан бастап жаттықтырушыларға 30 пайыз үстемеақы қосылады

Милад Карими Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды

Геннадий Головкинге ерекше атақ берілді

Головкин: Миссиямды табандылықпен жалғастыра беремін

Жәнібек Әлімханұлы: Ол менен қорқады