Қазақстандық қыздар Сербиядағы бокс бәсекесінде қанша табыс тапты?

Malim Админ

  • 17.03.2025

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Сербияның Ниш қаласында өткен бәсекеде Қазақстан құрамасы аса сәтті өнер көрсетті. Бұл туралы "Дядя Ваня" телеграм арнасына сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды. 

Ұлттық құрама сапында барған 12 боксшы қыздың тең жартысы жүлделі орыннан көрінді. Алтын жүлдеміз күміс пен қоладан асып түсті.

Назым Қызайбай үш дүркін әлем чемпионы атанып, қазақ боксы тарихына өз есімін ерекше етіп тағы бір жазды.

Алуа Балқыбекова әлем чемпионатындағы жүлделердің толық жиынтығын иеленді. Жетіспей жүргені алтын еді. Күміс пен қоладан кейін, әлем чемпионы атағына қол жеткізді.

 Ерекше жұдырықтасу өнерімен көзге түскен Аида Әбікеева Азия чемпионатынан кейін, әлемде де үздік боксшы екенін айқын бір дәлелдеді.

Финалда жұдырықтасқан Виктория Графеева мен Елдана Тәліповаға сәл сәттілік жетіспеді. Күміс жүлдені қанағат тұтты.

Қоржынға түскен қола жүлдені Наталья Богданова иеленді. Сондай-ақ Жайна Шекербекова, Жасмин Ғизатова, Карина Ибрагимова сынды боксшыларымыз да жарқын жекпе-жектерін өткізіп қайтты.

IBA ұйымдастырған биылғы әлем чемпионатына 51 мемлекет қатысты. Жүлде қоры бұрын-соңды болмаған қомақты болды.

Жүлде қоры:

1-орын - 100 мың АҚШ доллары
2-орын - 50 мың АҚШ доллары
3-орын - 25 мың АҚШ доллары
Ширек финалистер – 10 мың АҚШ доллары

 Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы екінші орыннан көрінді.

Жалпы жүлде кестесі:
Ресей - 4 алтын,1 күміс,2 қола
Қазақстан - 3 алтын, 2 күміс,1 қола
Түркия -1 алтын,2 күміс, 2 қола
Қытай - 1 алтын,1 күміс,3 қола
Сербия -1 алтын,5 қола
КХДР - 1 алтын,2 қола
Марокко -1 алтын,1 қола
Таиланд -2 күміс,1 қола
Ирландия -2 күміс
Өзбекстан -1 күміс,3 қола
Беларусь -1 қола
Молдова -1 қола
Словакия -1 қола
Въетнам -1 қола

Фото: "Дядя Ваня" телеграм арнасынан