Қазақтың этникалық келбеті Алтын Орда дәуірінен бастау алады – Дәурен Абаев

  • 02.07.2021

Жошы ұлысын ұлықтау ісінде де, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау ісінде де мемлекет тарихты идеологияның жұмысына жеккелі отырған жоқ. Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев «Ашық диалог» алаңында осындай пікір айтқанын ҚазАқпарат хабарлайды.

«Қоғамда тарихқа байланысты пікірталастар болып жатуы қалыпты процесс деп ойлаймын. Мұндай тақырыптар төңірегіндегі кез келген конструктивті пікірталалас ұлттың тарихи санасын дамытуға үлес қосады. Ал тарихи сана мен келешектің бейнесі, бұл – біздің тұтастығымыз. Осы екі компонент арқылы өзіміздің кім екенімізді түсіне аламыз», - деді Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары. Оның айтуынша, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия қазір өте машақатты үлкен жұмыс істеп жатыр.

«Құжаттар мен архив жіті зерттелу үстінде. Әрбір оқиға жеке-жеке зерттеліп жатыр. Ешқандай науқаншылдық, тенденцияға бой ұру, тарихты идеологияландыру талпынысы жоқ бұл істе. Біздің міндетіміз өте айқын – құжаттар мен дәлелдерге арқа сүйеп қана тарихтың ақтаңдақтары мен трагедиялық тұстарына жарық түсіру. Мысалы, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың 30 жылдары аралығында Қазақстанда 370-тен астам көтеріліс болған. Кейде оны сарбадар көтерілістері деп те атаған. Қармақшы, Іле, Созақ көтерілісі мысалы солай аталған. Бұл көтерілістің бәрін ашаршылық пен ұжымдастырудың ауыртпалығы, сол кездегі биліктің басқыншылық әдістері туындатқан. Сол оқиғаларға қатысқан адамдар ресми сотталып, «бандит» ретінде есепке алынды. Әлі күнге дейін құжаттарда солай жүр. Біздің міндетіміз осы сияқты мәселелердің анық-қанығын анықтап, шын мәнінде қылмыскер болмаған адамдарды бас-басына ақтау», - дейді Дәурен Абаев.

 

Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Жошы ұлысы институты не үшін құрылғанына да тоқталды. «Жошы ұлысын зерттейтін институт құру арқылы біз тарихи әділдікті қалпына келтіріп жатырмыз. Еуропа, араб, қытай, орыс дереккөздерінде кеңестік тарихнаманың Алтын Орда дәуірін көшпелі варварлар үстемдігі ретінде сипаттауы шындықтан алшақ екенін көрсетеді. Алтын Орда шекарасы айқын, әкімшілік басқарудың бірегей жүйесі бар, қалалары мен астанасы бар, сауда жолдары қалыптасқан, ақша айналымы жолға қойылған толыққанды мемлекет болған. Генетиктердің зерттеулері бойынша, қазіргі қазақтардың этникалық келбеті дәл осы кезде қалыптасқан. Иә, біздің мемлекеттігіміздің басталған кезеңі – 1465 жыл. Бірақ этнос ретінде біз одан да ерте, Орда хандарының басқаруы кезінде қалыптаса бастағанбыз. Сондықтан біз сол кезеңнің тарихын асыра сілтеусіз, әсірелемей зерттеп бастауға міндеттіміз. Жошы ұлысының институты сол үшін құрылды», - деді Дәурен Абаев.

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды