Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

Екі спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде медаль жеңіп алды.

Сабина Асқарқызы

  • 09.05.2025

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған қазақстандық дзюдошы Мағжан Шамшадин әлемдік деңгейдегі Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қола жүлде үшін өткен белдесуде ол француз спортшысы Джин Энсоны сенімді түрде жеңді.

Шамшадин үйдегі турнирдің жартылай финалына дейін жетіп, IJF өкілі Изнаур Сааевқа жол берген болатын. Енді финалда дәл осы Сааевпен біздің отандасымыз Талғат Орынбасар кездесетін болады.

Бұл биылғы жарыстан Қазақстан еншісіндегі алғашқы жүлде. 2023 жылы дәл осы Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында Мағжан Шамшадин чемпион атанған болатын. 

60 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған жас спортшымыз Аман Бақытжан Оңтүстік Корея спортшысы Ли Харимды жеңіп, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Бүгінгі жарыста Аман турнирдің фавориті болған Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Янг Юнвэйды (Тайпэй) жеңіп, нағыз сенсация жасады. 
Бұл 21 жастағы Аманның мансабындағы алғашқы Grand Slam жарысы. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін сүрінбей жеткен қазақстандық спортшы Талғат Орынбасар IJF өкілі Изнаур Сааевқа жол беріп, күміс медаль иеленді.

Финалға дейін Талғат бес қарсыласын, соның ішінде отандасымыз Аман Бақытжанды да сенімді түрде жеңіп, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Осылайша, бүгін спортшыларымыз 60 келіде үш жүлде иеленіп, бұл салмақ дәрежесінде қазақтардың мықты екенін тағы да дәлелдеді.

Айта кетерлігі, бұл Талғаттың Grand Slam сериясындағы алғашқы жарысы, сондықтан бұл жүлде оның спорттық жолында үлкен маңызға ие.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025

Ғұсман Қырғызбаев әлемдік Grand Slam турнирінің финалына шықты

09.05.2025

Астанада тыл ардагері парадқа кіре алмаған

08.05.2025

Астанада базардан шыққан өрт оқшауланды

08.05.2025

Дзюдо: Астанадағы Grand Slam жарысында кімдер бақ сынайды?

08.05.2025
MalimBlocks
Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

Ғұсман Қырғызбаев әлемдік Grand Slam турнирінің финалына шықты

Астанада тыл ардагері парадқа кіре алмаған

Астанада базардан шыққан өрт оқшауланды

Дзюдо: Астанадағы Grand Slam жарысында кімдер бақ сынайды?

Grand Slam жеңімпаздарына - 1000, күміс жүлдегерге — 700, ал қола медаль иегеріне 500 рейтингтік ұпай беріледі