freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұлытауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпыоблыстық сенбілік өтті

Экология
Ұлытауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпыоблыстық сенбілік өтті
Ұлытау облысы әкімдігі

Ұлытау облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды жалпыоблыстық сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Экологиялық шараға өңірдің барлық қала-аудандарынан 402 ұжым мен 5200-ден астам тұрғын белсенді қатысты. Сенбілік барысында 104 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 472 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылды.

Тазалық жұмыстары аясында жалпы көлемі 212 гектар аумақ ретке келтіріліп, елді мекендердің санитарлық жағдайы жақсартылды. Сонымен қатар, қоршаған ортаны көгалдандыру мақсатында 600 түп ағаш отырғызылды.

Аталған акция өңірдің экологиялық мәдениетін арттыруға, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін күшейтуге бағытталған. Ұйымдастырушылар мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу