Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Үміткерлер «Әжелер алқасымен» ақылдасты

Саясат
Үміткерлер «Әжелер алқасымен» ақылдасты

Жігерген ауыл округінің «Ардагерлер үйінде» «Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ғ.Ташимов, М.Нұран, Г.Тулешова, А.Құрбан, Б.Смайлов, М.Тайсалов, Б.Бердалы, А.Қайрат, Д.Абдрасиловтан құралған үгіт-насихат тобы «Әжелер алқасы» қоғамдық ұйымының мүшелерімен кездесті.

Жүздесу кезінде үміткерлер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының кітапшасын таратып, онда көрсетілген даму бағыттарына түсініктеме берді. Олардың сөзінше партия бағдарламасы туған ауданды дамытуға бағытталған. Түркістан облысының Қазығұрт ауданы ауыл шаруашылығы өнімдерін негізгі жеткізушілердің бірі және агроөнеркәсіптік кешені саласындағы сауда орталығына айналдыру бойынша нақты шараларды ұсынып отыр. Ауданның дамуы мен өркендеуі үшін барлық азаматтар мен қоғамдық бірлестіктермен пікір алмасып, қызмет атқаруға және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа партия дайын және ашық деді.

Кездесу соңында әжелер тарапынан қойылған сұрақтарға, ұсыныс-пікірлерге нақты-нақты жауаптар берілді. Сол сұрақтардың бірінде ауылда электр қуаты өте аз, соны көбейтуге көмек сұрады. Үміткерлер бұл мәселені шешу үшін заң талаптарына сай әрекет жасайтындықтарын жеткізді.

Кездесу соңында әжелер «ақ батасын» беріп, ел іші тыныш, шекара бүтін болса, күнделікті мәселе ретімен шешілетінін айтып, бастысы алауыз болмау керектігін айтып, үміткерлерге сәттілік тіледі.

«Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Қазығұрт аудандық сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу