freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бақытжан Базарбек көлікпен адам қағып кетті деген ақпарат тарады

Қоғам
Бақытжан Базарбек көлікпен адам қағып кетті деген ақпарат тарады
Фото: видеодан кадр

Желіде Мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек Жамбыл облысында жол апатына түсті деген ақпарат тарады. Оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Telegram-арналардың бірінде Рысқұлов ауданында Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолында 36 жастағы жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткені жазылған. Жарияланымда көлік тізгінінде экс-депутат Бақытжан Базарбек болуы мүмкін екені айтылған.

Полицияның мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota маркалы автокөліктің жүргізушісі, азамат Б., жолдың жүріс бөлігінде болған ер адамды қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адам аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды», – деп хабарлады полиция.

Қазір оқиға бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін желіде көлік жүргізушісі Бақытжан Базарбек болуы мүмкін деген ақпарат тараған. Алайда полиция жүргізушінің толық аты-жөнін жариялаған жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу